"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

20.06.2017

«Еркетай» жазғы демалыс лагері

Балалардың «Еркетай» жазғы демалыс лагері жоспарлы түрде құрылды. Мақсаттары мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту ,білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат міндеттерді орындау үшін әр түрлі жұмыстар ұйымдастырылды. 2 маусым 12.06-20.07.17ж аралығында  7-топ болды барлығы 131 бала демалды.Мектеп асханасы тамақты уақытында дайындап, 7 оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз етті.  Айта кетер болсам балалардың білімін кеңейту үшін орыс тілі, ағылшын тілдері жоспарлы түрде іс-шаралар өткізіліп,жәнеде психологтар ,дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері әр түрлі қызықты сайыстар ,ойындар өткізіліп ,музыка пәндерінің мұғалімдері мен бірге ән, биден шашу шашты.  Мектеп медбикесі « Тазалық –денсаулық кепілі» туралы мағұлматтар және балалар денсаулық туралы мақал- мәтелдер айтып жарысты. Ал әр топ  тәрбиешілері өз жоспарлары бойынша жұмыстар жүргізіп отырды.   «Көңілді спорттық ойындар» күні мектепке арнайы Астана қаласынан 3Д форматында көрсетілген мультфильм

шақырылды. Балалар мәз-мейрам болды. Жалпы лагердің әр күні қызыққа толы болды.

Көптеген іс-шаралар, спорттық ойындар,ұлттық ойындар , асфальтқа сурет салу,

коллаж жасау, гербарий жасау ұйымдастырылды.   «Қасиетті Рамазан айы» туралы  әр топтар бір-біріне аралап жүріп,  бата ,тілектер жарапазан айтылды.  «Табиғат аясында»атты көңілді саяхатқа ауылымыздағы «Золотой фазон» демалыс орнына барып демалып қайтты. Оқушылар Астана қаласы СК «Алатауға» бассейнге барып, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. «Көңілді цирк » саяхат  күнінде  «Астаналық циркке» барып «Египет ханзадасы және он арыстан» атты қойылымды тамашалады. Оқушылар алған әсерлері жайлы бір-бірімен бөлісті. «Еркетай аруы» байқауы өткізілді.Балалар  табиғат аясында саяхатқа шығып,ойындар ойнап ,қызықты  көңілді қайтты.   2-маусымды қорытындылау мақсатында әрбір топ өзінің қабырға газетін шығарды. Бұл маусымда «Үздік тәрбиешілер» қатарына: Тохай С, Женис З, Какышова Д, Нурбаева Э,Худакельды М  «Үздік топтар» қатарына:

«Күншуақ»тобы,  «Қызғалдақ»тобы, «Нұрлы әлем» тобы.Соңғы қоштасу күнінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетті, психологтардың жүргізуімен «Мен жазғы лагерьден күтемін?» атты тренинг жүргізілді. Оқушылар бір бірлерімен қимай қоштасты.

Лагерь басшысы: Ысках М

Просмотров: 539

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст