"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша есеп


«Ақмола облысы Целиноград ауданы № 1 Қоянды жалпы орта  білім беретін мектебі»КММ-нің 2021 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы есебі

 

  1. Жалпы ережесі
  1. Көрсетілетін қызмет берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы Целиноград ауданы № 1 Қоянды жалпы орта  білім беретін мектебі»КММ

Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы, Әл-Фараби -1

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

№1 Қоянды  жалпы орта білім беретін мектебінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. (2021 жылы көрсетілген қызмет – 282)

-соның ішінде электронды түрде -  209 қызмет;

-қағаз түрінде - 73 қызмет.

2. Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 2021 жылы көрсетілген қызмет –  12

-соның ішінде электронды түрде -  0 қызмет;

-қағаз түрінде - 12 қызмет.

3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру. (2021жылы көрсетілген қызмет – 0;

 

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттау үшін құжаттарды қабылдаубілім беру. (2021 жылы көрсетілген қызметтер – 13;

-соның ішінде электронды түрде -  0 қызмет;

-қағаз түрінде - 13 қызмет.

5. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2021 жылы көрсетілген қызмет – 190;

 -соның ішінде электронды түрде -  0 қызмет;

-қағаз түрінде - 190 қызмет.

 

2021 жылы - 497 қызмет көрсетілді;

Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет – 209қызмет;

қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 497 қызмет.

Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

 

3) Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау» - (2021 жылы -190;)

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – (2021 жылы – 282)

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Целиноград ауданы №1Қоянды  жалпы орта білім беретін мектептің ресми интернет-ресурсында sh1-koyandy-celinograd-akmol.edu.kz  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

 

 

           

2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.

3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, сұхбаттар және т.б.).

2021 жылға №1 Қоянды  жалпы орта білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.

1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмысі стейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қол жетімді.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:

Мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарынан өткен қызметкерлер бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер:

2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері:

Қоғамдық  мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүргізілуде.

5. Қызмет алушылардың сұраныстарын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді арттыру мақсатында 2022 жылға ҚРның заңнамаларын сақтау мәселесі ұйымдастырылды.. 2022 жылы мектебіміз жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы қызмет көрсетуін жалғастырады.

 

 

 

Скачать


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст