«Ақмола облысы Целиноград ауданы № 1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 2023 жылдағы мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүргізілуі туралы есебі
Заңды мекен-жайы: Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылы, Әл-Фараби 1А
№1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебінде 4 мемлекеттік қызмет бойынша 458 қызмет көрсетілді:
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау. (2023 жылы көрсетілген қызмет – 210)
-соның ішінде электронды түрде - 173 қызмет;
-қағаз түрінде - 37 қызмет.
2. Денсаулығы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде тегін жеке оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау. 2023 жылы көрсетілген қызмет – 14,
-соның ішінде электронды түрде - 0 қызмет;
-қағазтүрінде - 14 қызмет.
3. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың түп нұсқаларын беру. (2023 жылы көрсетілген қызмет – 1;
-соның ішінде электронды түрде - 1 қызмет;
-қағаз түрінде - 0 қызмет.
4. Жалпы білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау. (2023 жылыкөрсетілгенқызмет – 206;
-соның ішінде электронды түрде - 0 қызмет;
- қағаз түрінде - 206 қызмет.
2023 жылы - 458 қызмет көрсетілді;
Электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызмет – 173қызмет;
Қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 243 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Білім беру саласындағы ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыруға құжаттарды қабылдау» - (2023 жылы -42;)
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – (2023 жылы – 210)
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздерімен орындары туралы мәліметтер. Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Целиноград ауданы №1Қоянды жалпы орта білім беретін мектептің ресми интернет-ресурсында sh1-koyandy-celinograd-akmol.edu.kz «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері бар. Сондай-ақ мектепте мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері ақпараттық стендте орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2)Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді актілердің және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндірме жұмыстары, сұхбаттар және т.б.).
2023 жылға №1 Қоянды жалпы орта білім беретін мектебінде ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мектеп Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ АРМ ГУ жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар:
Мемлекеттік қызметті қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілігін арттыру курстарына нөткен қызметкерлер бар.
4. Мемлекеттікқызметкөрсетусапасынбақылау.
1) көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдары туралы мәліметтер:
2023- жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері:
Қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша 2023 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бұзушылықтардың алдын алушаралары жүргізілуде.
5. Көрсетілетін қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары:
2023 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қол жетімді және сапалы мемлекеттік қызметтер мен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.
Мектеп директоры : М.Савилхан.
Жүктеу: Қоянды №1 2023 жылғы мем.қызмет көрсету туралы есебі