Мұхтар Шаханов –тіл
жанашыры
(әдеби-сазды кеш)
2017-2108 оқу жылында тілдер
мерекесі қарсаңында өтілген мектепішілік
онкүндік аясында 5-сыныптар арасында ақын, жазушы Мұхтар Шаханов шығармаларын насихаттау
барысында «Мұхтар Шаханов-тіл жанашыры» атты
әдеби-сазды кеш өтті.
Мақсатымыз тіл жанашыры болған ақиық ақын Мұхтар ағаның шығармаларын жас
ұрпақтың санасына сіңіре отырып,
ізденімпаздыққа, елжандылыққа,имандылыққа тәрбиелеу; Тіл тағдырына
бейжай қарамауға дағдыландыру болып табылады.
Әдеби кеш 3 бөліммен өтті.
1-бөлім «ШЫНДЫҚ
ШЫРАҒДАНЫ –Шаханов» ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу
2-бөлім. «Болмасаң да ұқсап бақ» ақынға арнап өлең жазған
болашақ ақындар
3-бөлім. «Әнім сен едің» ақын сөзіне жазылған әндерін
орындаушы әншілер
Кештің бастамасы ақынның « Төрт ана»
өлең жолдарын аудио запистен тыңдаумен басталды. Жүргізушілер 5 «Ғ» сынып
оқушылары Сағынбек Анель мен Байдолда Нуриддин.
1-бөлім бойынша оқушылар жаттаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Керемет,жақсы
оқыған оқушылар болды.Әсіресе 5 «В» сынып оқушысы Бахытқызы Диана « Бақыт геометриясы» атты
өлеңін нақышпен, эмоциялық дауыс ырғағын келтіре орындады.Сондай-ақ 5 «Ғ» сынып оқушысы Бахыт Әсемай да аңыздан үзіндіні жақсы оқыды.
2-бөлімде ақындар шығармасынан 5 «Б»
сынып оқушысы Абилахатова Шахназ өз туындысымен көрермендерді бауырап алды.
3-бөлімде ақынның әндерін орындауда 5 «Ә» сынып оқушылары « Туған күн
кешінде», «Ақ бантик» әндерін нақышына келтіріп салды.
Қорыта келгенде 5-сынып оқушыларының ішіндегі белсенділері ақынның тұлғалық
ерешелігін таныта білді,табындыра білді. Кеш соңында ақынның «Мәңгүрттенбеу марсельезасы» әнін барлық
оқушылар хормен аяқтады. Оқушыларға мектебіміздің Ғылыми істер жөніндегі
меңгерушісі Ахметова Баян Бөрібайқызы шығармашылық табыс тілей отырып, бүгінгі
кештің бағасын берді
Мұхтар тұлғасы ғасырлар кешінде
талай-талай мақтала берері хақ!
Өмір мен өнер заңдылығына әлдеқашан айналып, ой- санамызға табиғи түрде
сіңісіп, уақыттың ағымымен ұдайы жаңғырып тұратын құбылыс, ұлы сезім!
Пән жетекшісі: Мекебай Н.