Астана қаласы, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Жас ұстаз: табысқа апарар жол” атты ауыл мектептерінің жас мамандарына арналған екі күндік форум өткізіліп жатыр.
1. Мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы өзара қатынасты жақсарту: Жас ұстаздар оқушылармен байланыс орнатуда жаңа әдістерді пайдалану қажеттілігін атап өтті. Оқушылардың мотивациясын арттыру үшін интерактивті тәсілдер мен жобалық жұмыстарды енгізу ұсынылды.
2. Кәсіби даму мен тренингтер: Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін тұрақты тренингтер мен семинарлар ұйымдастыру қажеттілігі талқыланды. Жас ұстаздарға тәжірибелі мұғалімдердің менторлық қолдауы қажет екендігі көрсетілді.
3. Қазіргі білім беру әдістерін меңгеру:Жас ұстаздар білім беру саласындағы жаңа әдістемелер мен технологияларды меңгерудің маңызды екенін және оларды оқу процесінде тиімді қолдану қажеттілігін білдірді.
4. Қолдау жүйесін дамыту: Жас ұстаздарға арналған психологиялық және ұйымдастырушылық қолдау жүйелерін құру арқылы олардың жұмысқа деген қызығушылығын арттыру ұсынылды.
Форум жас ұстаздардың табысқа жету жолдары туралы жаңа көзқарастар мен шешімдер ұсынды, әрі болашақтағы даму үшін нақты қадамдар анықталды.
Ақмола облысынан
Мирас Қуаныш, Айнур Амангельдинова және
Камила Мейрам әріптестеріміз бүгін өз тәжірибесімен бөлісіп жатыр, сәттілік тілейміз!👏🏻