Текст
Облыстық тамыз кеңесі аясында мектебіміздің ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары, орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакенова Гулмира Дулатбековна «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Бұл барлық ұжым үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе болды. Ұстаздық қызметі 30 жыл, ұлағатты ұстаз, педагог -шебер, білікті маман әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз, алар асуыңыз бұдан да биік бола берсін деген ақ тілегімізді білдіреміз.