"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.03.2018

Қазанның 20 күні Қоянды орта мектебінде «Жас Ұлан»

бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының 2015-2016 оқу

жылындағы мектеп Президентін сайлау салтанатты шарасы өтті. Шараға мектеп

түгелдей жұмылдырды.Салтанатты шараның шымылдығын мектебіміздің басшысы Жәди

Шәкенұлының сөзіне жазылған авторлық «Жас Ұлан» ұраны ашты.

 

Мектеп Ұраны

сөзі: Жәди Шәкенұлы

 

«Нұр Отан» нұрлы жол- айбарым

Мектебім –мерейім,қайнарым

Алға Жас Ұлан, самға Жас қыран

Көтерген көк туын –байрағын!

 

Алға Жас Ұлан!

Самға Жас ҚыранІ

 

Салтанатты шараны мектеп тәлімгерлері Мекебайқызы Назигуль мен Нығметқызы

Ардақ жүргізді. Басты жаңалық биылғы «Жас Ұлан» ұйымына 10 үміткер ұсынылды.

Сол үміткерлер арасынан көп дауыспен мектеп Президентіне лайық деп танылып 10

«А» сынып оқушысы Амирханова Жансая тағайындалды.

Орынбасары сынып оқушысы Собетова Ақнұр.

Білім министирі Аманкелдинова Данель 10 «ә» орынбасары Исмайлова Балзия10

«б»

Мәдениет министирі Жаңбырбаева Асель 9 «В», орынбасары Аружанова Жанель 10

«А»

Спорт министирі Нұржан Ақжол 10 «а», орынбасары Ерболұлы Серікболат 9 «Г»

Денсаулық министирі Убайдуллаева Асия 10»ә», орынбасары Хозышыбай Гулжаухар

9 «Ә»

 

Мектебіміздің президенті Ант қабылдады. 

Сонымен қатар мектеп басшысы Жәди Шәкенұлы  «Жас Ұлан» ұйымының балаларына өз тілегін

жеткізіп құттықтай келе  мектеп

президентіне куәлік табыс етті. Қоянды ауылдық әкімдігінің  ішкі саясат бөлімінің маманы Жумагулова

Ризагуль Советқызы құттықтау сөз айтып, мектеп президентінің  төсбелгісін тақты.

 

Салтанатты шара музыка жетекшісі Хатпа Серікгүл «Жауқазын» балалар Хорының

орындауында «Қазақстан» әнімен аяқталды.

Просмотров: 763


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст