Ұрпақтар сабақтастығына тағзым
Туған жердің
тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс.Бірақ ,одан да маңыздырақ мәселені
өзінің біртұтас ұлы ұлттың перзенті
екеніңді ұмытуға әсте болмайды.
Н.Ә. Назарбаев
22.02.2018 ж Елбасымыздың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында
ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында Ақмол
ауданының Қоянды ауылында үш ұрпақтың өкілі кездесті.
Кеңес
одағының және ҚР Ішкі істер органына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Ішкі істер органдары мен «Ұлттық ұлан»
ардагерлер қоғамдық бірлестігінің
төрағасы және Ішкі істер министрінің кеңесшісі , милиция генерал-майоры
Болсанбек Өмірзақ Қоспанұлы аға буын өкілі болса, ауған соғысының ардагері
«Қызыл жұлдыз» орденінің иегері Алданов
Абибулла Изатуллаевич орта буын өкілі.
Ал бүгінгі
жас буын өкілі ретінде заман ағымындағы жас кәсіпкер Мирехан Гульсим
Болтабекқызы болды.
Әр буынның өкілі өз кезеңдерінің
қызығымен шыжығын, балалық шағының
естеліктерін, қазіргі заманға деген көзқарстарын бүкпесіз бөліскен әсерлі кеш
болды.Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын
қойып , тұшымды жауп алды.
Келген
қонақтарымыз тәжірибелерімен , естеліктерімен бөлісіп, Өмірзақ Қоспанұлы ағамыз
мектебімізге өзінің арнайы әкелген сый сияпаттарынтарту етті.
Орындаған: Серікбай Е.Б.