"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

18.05.2017

Біздің жетістік –

мектептің абройы

Ағымдағы жылдың мамыр айының он екісі күні  Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол

ауылында  жас жол қозғалысы

инспекторларының аудандық слеті өтті. Бұл аудандық деңгейдегі іс-шараға барлығы

11ауылдан 11 команда қатысты. Аталмыш сайыста Қоянды орта мектебінің  намысын қорғауға мектебіміздің 7-8-сынып ооқушыларынан

құралған«Жас Қыран» командасы

қатысты.

Бұл іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты балалар мен

жасөспірімдер арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолда жүру ережесін

қатаң сақтауға үйретумен қатар, отаншылдық, патриоттық, адалдық, ұлтжандылыққа

тәрбиелеу болып табылады. Бұрылмай жүрген бұрын барады демекші қазіргі таңда

жол ережелерін сақтау, өміріңді сақтау.

Жас инспекторлар слеті Қазақстан Республикасының

әнұранымен ашылды. Байқауда жол тәртібінің жас инспекторлары 10 кезең бойынша

сынға түсті. Атап айтсақ, саптық байқау, жас санитар, эрудиттер турнирі, сахналық

көрініс, жас бағыттаушы т.б. Жарысқа қатысушылардың әділ бағасын беретін

қазылар алқасына өз өнерлерін көрсеткен әр командаға баға беру оңайға түскен

жоқ. Олай дейтінімізсайдың тасындай сап құрып, сапталып дайындалып келген әр мектептің

командалары намысты қолдан бермеу үшін бар ынта-жігерлерін ортаға салды. «Үгіт

насихат командасы» кезеңінде жас жол 

инспекторлары жолда жүру ережелеріне сәйкес мазмұнды қойылымдарды

сахыналап, әр бір көрерменнің көзайымына айналды.  Әр ауылдан  келген жас инспекторлардың байқауға белсене

қатысуы жеңіске деген жігерлілігін, талпыныстарын айқындап тұрды. Дегенмен, жарыстың

аты жарыс, жүзден жүйрік мыңнан тұлпар 

болып алға шыққан командалар көздеген мақсаттарына жетіп жүлделі орыннан

көрінді. Сан сынақтан сүрінбей суырылып алға шығып, жеңістің биік тұғырынан

көрінген  Қоянды орта мектебінің «Жас Қыран» командасы бас жүлдені жеңіп алып,

облыстық слетқа жолдама алды.

 

Көпжасар Биязы

Қоянды орта мектебі

Тәлімгер және қазақ тілі мен әдебиет

пәнінің мұғалімі.

Просмотров: 468


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст