"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

06.06.2017

 Бақытты балалық шақ

«Өнер-білім берем десең басынан, бер оқуға балаларды жасынан» дегендей

біздің Қоянды орта мектебінде 1маусым «Халықаралық балаларды қорғау» күніне

орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концертіміз өткізілді. Астанадан

арнайы бойлы қуыршақтар шақырылып, балалармен түрлі ойындар жүргізіп, би билеп

көңілдерін көтеруге өз үлестерін қосты. Балаларды мерекесімен мектеп директоры

К.Қ. Байгулова құттықтап,өзінің жылы тілек-лебізін білдірді. Концерттік

бағдарламада оқушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетті. Атап айтсақ Хасен

Балханым «Акробатика»биімен, Семенова Аделина «Бақытты балалық шақ» әнімен

ерекше көзге түсті. Үйде оқитын оқушы Дәулет Дастан «Әке ана» әнін орындап,

көрермендердің көңілін бір толқытты. Арнайы мектеп демеушілер атынан сыйлық

берілді. Көпбалалы отбасы, аз қамтылған оқушылар да назардан тыс қалмады. Бұл

оқушылар да өз сый-сияпаттарын алды. 1маусым дүниеге келген оқушыларды

құттықтап,сыйлық берілді. Мерекеде алаңға жиналған барлық балаларға тегін

балмұздақ таратылып, арнайы  «Батут»

әкеліп, балаларға қызықты әрі көңілді болды.

Мектеп алаңында 5-8 сынып оқушылары футбол ойнап, басқа сынып оқушыларымен

ұлттық ойындар өткізіп, асфальтта сурет салу іс-шаралары жүргізілді. Бұл

мерекенің балалардың көңілінен шығуына ат салысқан бастауыш сынып оқу ісінің

меңгерушілері С.Н.Касенова Ж.Бекей, бастауыш бойынша тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары М.Е.Курганбекова және де лагерьде жүрген мұғалімдердің еңбегі зор.

 Жалпы бұл мереке өз дәрежесінде

өтіп, балалардың көңілінен шықты. Балалар ерекше сезімде болды. «Бала көңілдің

гүлі, көздің нұры» демекші балдырғандарымыз аман болып, әрі қарай биіктерден

көрініп, самғап ұшып, қанаттарын кең жаюына тілектеспіз.

                                            

Автор: лагерь басшысы Г.А. Рахимжанова

Просмотров: 486

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст