"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13.06.2017

                                              «Еркетай» жазғы демалыс лагері

 

          «Бала жөнінде әділ және дұрыс пікір айту үшін, оны өз ортасынан өзіміздің ортамызға

алып келмей, өзіміз олардың рухани дүниесіне көшуіміз керек» дегендей баламен

тағы жұмыс жасау осы жазғы лагерь кезінде де жүзеге асыруға болады. Баланың

денін сауықтыру, бос уақытын тиімді өткізу ата-ананың және де мұғалімнің

міндеті. Әсіресе жазғы демалыс лагерін қызықты әрі көңілді өткізу, оқушыларды

лагерге шақыру мұғалімнің атқаратын жұмыстарының бірі. Осы орайда Қоянды орта

мектебінде «Еркетай» жазғы демалыс лагері ашылды. I-маусым  01.06.17 - 09.06.17 аралығында өтті. Бұл маусымда 12 топ, әр топта 25 оқушы болды. I-маусымға қатысқан оқушы саны 300-ге

жуық. Әр топта 2 тәрбиешіден, яғни 24 тәрбиеші, дене шынықтыру мұғалімі, музыка

пәні мұғалімі, ағылшын тілі, орыс тілі мұғалімдері, мектеп дәрігері өз

жұмыстарын жауапкершілікпен атқарды.

          Мектеп асханасы тамақты уақытында дайындап, 31 оқушыны тегін тамақпен қамтамасыз етті. Тәрбиешілер жоспарға сүйене отырып, күнделікті жұмыстарын тиянақты, қызықты өткізуге тырысты. Рәміздер күні, Бүкіләлемдік табиғатты қорғау күні өз дәрежесінде аталып өтті.

          Оқушылар Астана қаласы СК «Алатауға» бассейнге барып, уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. «Біз арманшыл баламыз» саяхат күнінде  «Астаналық циркке» барып

«Египет ханзадасы және он арыстан» атты қойылымды тамашалады. Оқушылар алған

әсерлері жайлы бір-бірімен бөлісті. «Түрлі-түсті бантиктер» күні мектепке арнайы Астана қаласынан 3Д форматында көрсетілген мультфильм шақырылды. Балалар мәз-мейрам болды.

          Жалпы лагердің әр күні қызыққа толы болды. Көптеген іс-шаралар, спорттық ойындар,

асфальтқа сурет салу, коллаж жасау, гербарий жасау, білімдерін шыңдау барысында «Егемен еліміздің ұланы» атты мәнерлеп оқу сайысы, шығарма жазу, сурет салу, «Түйме қыз» байқауы, ұлттық ойындар, кітап оқу уақыты, теннис ойнау, қозғалмалы

ойындар өткізіліп оқушылар әрбір уақытын тиімді пайдаланды.

          1-маусымды қорытындылау мақсатында әрбір топ өзінің қабырға газетін шығарды. Бұл маусымда «Үздік тәрбиешілер» қатарына: А.Битикова, Б.Сагатбекова, С.Авилхан           «Үздік топтар» қатарына: «Балапан»тобы,  «Барыс»тобы.

          Соңғы қоштасу күнінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оқушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетті, психологтардың жүргізуімен «Мен жазғы лагерьден күтемін?»

атты тренинг жүргізілді. Оқушылар бір-бірлерімен қимай қоштасты.

                                                                                    

Лагерь басшысы:   Г.Рахимжанова

Просмотров: 631

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст