"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.06.2017

Құрметті мектеп бітіруші

түлектер!

          Бүгінгі күн – жас түлектің

жаңа өмір баспалдағына жолдама берілетін күн. Бұл күн – мектеп тарихында,

мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн. Қоянды орта мектебінің

арман қуған 70 түлегі болашаққа жаңа қадам басқалы отыр.

          Еліміздің ерең жемісі – ЭСПО

– 2017 халықаралық мамандырылған көрме тұсау кесері тарихи сәті мен тура сіздер

орта мектеп бітіріп Аттестат алғалы отырсыздар. ҚР. Президенті Н.Ә.Назарбаев

«Бүкіләлемдік көрме арқылы Қазақстан «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей

септігін тигізетін жаңа технология мен инновациялар алады» - десе, Елбасымыздың

болжам жоспарларын іске асыратын - Сіздерсіздер! Әр басқан қадамдарыңызға гүл

бітсін! Сіздер – болашақтың қарлығаштары үшін – осынау күн айшықты да, айдынды,

мерекелі де, мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Дәл осы күні

өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын

өткізген, бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан

түлеп ұшқалы тұрсыз!

          Қазақта «айналайын» деген

қасиетті де мағынаға толы жақсы сөз бар. Осынау ғажайып сөздің ішінде адами

жүректің барлық ізгілігі мен мейірімі шүпілдеп тұнып тұрғандай. Осы сезімге

лайық болып өмір сүріңдер. Нақ осы заманғы өлшеусіз істерге толы, бүгінгі жаңалығы

бір сәт уақыт өтпей-ақ «ескеріп» жататын ХХІ ғасыр қоғамында бойларыңдағы

руханият пен ізгіліктің, адамгергілік пен адам болмысындағы ең асыл қасиет –

ішкі мәдениеттің шамшырақ жалынын сақтаңыздар!

 

Түлектер, кетті сендерден енді балалық,

 тұрсындар міне,

болашақ күнге жол ашып.

 Кетігін елдің

жетілдірер бол Азамат,

бір кірпіш болып мына дүниеге қаланып, -

Болашағың жарқын боп, сәт-сапар болсын жолдарың!

 

Мектеп директоры Байгулова Қымбат Қыпшақбайқызы

Просмотров: 497

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст