"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.06.2017

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР “Жазғы мерзімде балалар мен жасөспірімдердің бақытсыз

жағдайларға ұшырамауының алдын алу және ескерту жөнінде”

Біздің Ақмола облысымыз су айдындарына

бай. Облыс картасында 111 өзен, 494 көл және 149-дан астам басқа да су

айдындары бар.

Жазғы демалыстар жақындап келеді.

Балалардың көбі демалыс, сауықтыру лагерінде демалады, туристік жорыққа

қатысады, спортпен шұғылданады, суға шомылады. Бірақ сумен ойнау қауіпті. Малту

білмеу, суда болу ережесінің тәртібін сақтамау, желігу қайғылы жағдайға

ұшыратуы мүмкін. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жылда

дүниежүзінде 150 ден 200 мыңға дейін адам суға батады. Статистика бойынша

қайғылы жағдайлар жаз айларында жиі болады. Былтырғы жылы Ақмола облысы бойынша

үш айы ішінде өзен, көл және су қоймаларында 31 адам қайғылы жағдайға ұшыраса,

оның ішінде 2 бала. Сондықтан су айдындарында жүзу ережелерін, қауіпсіздік

жөнінде қайта ескерткен артық болмайды.

        

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

 

-   шомылушыларға орналған

орындардағы шарбақтардан,

    қоршаулардан асып,

шығып кетуге;

 

-   кемелерге (моторлы,

желкенді), ескекті қайықтарға, салдарға және 

    басқа малту

құралдарына жақын малтып келуге;

 

-   қайықтардан, кішкене

кемелерден, суға секіруге арналмаған

    құрылыстан секіруге;

 

-    су айдындарын

лайлауға және ластауға;

 

-    жағажайға

иттерді және басқа жануарларды  әкелуге;

 

-    шаршап, дене

қызуымен, терлеп суға кіруге;

 

-    белгісіз жерде

сүңгуге (өйткені басты түбіне соғып, естен

     айырылып және

ажалға ұшырауы мүмкін);

 

-    тыйым салынған

жерлерде шомылуға;

 

-    өтірік көмекке

шақыруға, ол құтқарушыларды алаңдатады,

      жұмысына

бөгет жасайды.

 

  БІЛУГЕ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУҒА

ҚАЖЕТ ЕРЕЖЕ!

(балалар мен

жасөспірімдерге).

 

Әдейі сол мақсатқа жасалған, асты

тексеріліп және тазаланған су айдындарына шомылуға болады. Аяғыңыздың сіңірі

тартып қалса, су бетінде молырақ болып, көмекке шақырыңыздар. Су ағынына

түссеңіз, қарсы малтуға тырыспаңыз, су ағынын пайдаланып жағажайға жақындауға

тырысыңыз. Су иірімі бар жерге жақындап малтып келмеңіз. Егер де су иірімі бар

жерге түсіп қалсаңыз, қорықпаңыз, өкпеңізге ауаны көбірек толтырып суға

кіріңіз, су ағымы жағына секіріп барып су бетіне шығыңыз. Шомылған кезде

бір-біріңізді назардан тыс  қалдырмаңыз. Қайықты пайдаланғанда белгіленген

мөлшерден артық мінуге, шетінде отыруға, бір орыннан екінші орынға ауысуға, бір

қайықтан екінші қайықа мінуге, қайықтың шетінен суға секіруге тыйым салынады,

басқа су көліктерінің жолын қимаңыздар, жақындамаңыздар. Жағажайдан алыс және

толқынды суда малтымаңыздар, ескерту белгілерінен аспаңыздар. Танымайтын жерде

шомылуға рұқсат етілмейді, тайыз, таза, мөлдір сулы, түбі тегіс, жұмсақ жер

таңдаңыздар. Тексерілмеген су айдыны (су иірімі, шұңқырлы, қатты ағымы, түбі

балдырлы жерлер) – қауіпті, ондай жерде шомылу жарақатқа, бақытсыз жағдайға,

қайғыға әкелуі мүмкін. Егерде әліңіз қурыса, көмекке шақырыңыз, құтқарушыны

құшақтамаңыз, арқаңызға жатып, аяқпен жұмыс істеп, оған көмектесеңіз. Су

айдындарының маңайында болғанда судағы ереже тәртібін сақтаңыз, оны бұзуға

басқаларға жол бермеңіз.

 

  АТА-АНАЛАР ЖӘНЕ

МҰҒАЛІМДЕР!

 

Егерде суға демалуға балалармен

келсеңіздер, олар туралы ұмытпаңыздар. Малти білмейтін балаларға белден асатын

суға түсуге тыйым салынады. Судағы демалыстың ұйымдастырылуын ойластырыңыздар.

Балаларға суда және су маңайында тәртіп үлгісін және мәдениетін үйретіңіздер.

12 жасқа дейінгі балалар шомылуға тек қана үлкендермен жіберіледі. Бақытсыз

жағдайлардың болуының негізгі себебі - балалардың суда малти белмеуінде және

тыйым салынған әлде танымайтын жерлерде шомылуларынан. Соңғысы балаларды

үлкендердің бақылаусыз қалдыруына байланысты. Балалармен судағы болған бақытсыз

жағдайлардың көбі олардың  су айдындарында жалғыз қалуларынан  

болады.

Есте сақтаңыздар, балалардың шомылуы

үлкендердің бақылауында болу керек!

 

   

БАЛАЛАРДЫ САУЫҚТЫРУ

ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРЛЕРІНІҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ!

 

 

Су жағалауында орналасқан әрбір

сауықтыру лагерлері мен басқа да балалар мекемелерінің суға түсу орындарында

жабдықталған  арнайы орын және қарамағында демалыс лагері немесе балалар

мекемесі бар ведомстволық құтқару бекеттері болуы керек.

Балалардың шомылуы - 10 адамға дейінгі

топқа рұқсат етіледі және үнемі кезекші тәрбиешінің, медицина қызметкерінің

бақылауымен болып, шомылу  ұзақтығы 10 минуттан аспауы керек. Балалардың

шомылған уақытында қауіпсіздік жауапкершілігі нұсқаушыға (плаврукқа) жүктеледі.

Малти білмейтін балалардың шомылуы сауықтыру лагерінің әлде балалар мекемелері

жетекшілерінің, бақылауымен малти білетіндерден бөлек ұйымдастырылады.

Балаларды малтуға үйрететін арнайы пункт орнатыңыздар. Жорыққа, серуенге,

экскурсияға шыққанда балалар шомылуына тайыз, түбі тегіс, тастан, саздан таза

жерлерді таңдаңыздар. Алдын ала ол жер үлкендердің тексеруінен өтуі керек. Олар

балаларға суда қияңқылық жасауға жол бермеуі керек. Балалардың сауықтыру

орталықтарында және демалыс лагерінде болғанда, оларды жасанды су айдындарында

малтып үйрету алдын алу шараларының  бір түрі болып табылады. Балалар

сауықтыру демалыс лагері жетекшісінің міндеті, бала лагерде болған мерзімінде

малтып үйренетіндей жұмыс ұйымдастыру. Әрбір бала малти білуі керек. Балаларды

малтып үйретіңіздер, малти білу оның өмірін сақтайды, балардың деңсаулығын

нығайтады.

 

        

Ақмола облыстық суда құтқару қызметі тағы да ата-аналарға, тәрбиешілерге,

мұғалімдерге және балалар сауықтыру демалыс лагерлерінің жетекшілеріне үндеу

тастайды, жазғы мерзімде бақытсыз жағдайларды  болдырмаудың алдын алу

шараларын тек қана бірігіп жүргізген жағдайда  балалар және

жасөспірімдердің өмірін дер кезінде сақтап қаламыз.

 

 

Просмотров: 476

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст