"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.06.2017

Білiм және ғылым қызметкерлерiн көтермелеу

жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң м.а. 2013 жылғы 08

тамыздағы № 324 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013

жылы 28 тамызда № 8676 тiркелдi

 

"Егемен Қазақстан" 26.09.2013 ж. № 220 (28159);

"Казахстанская правда" от 26.09.2013 г. № 282 (27556);

 

 

      «Бiлiм

туралы» 2007 жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының

5-бабының 39) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм және ғылым

қызметкерлерiн көтермелеу жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.

      2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) «Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн көтермелеу

жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-К бұйрығы

(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2007 жылғы 27

қарашада № 5008 тiркелген, «Заң газетi» газетiнiң 2009 жылғы 17 сәуiрдегi № 57

(1480) санында жарияланған);

      2) «Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн көтермелеу

жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым

министрi мiндетiн атқарушының 2007 жылғы 20 қарашадағы № 373-к бұйрығына

өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң

2009 жылғы 8 шiлдедегi № 153-к бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi

мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2009 жылғы 10 шiлдеде № 5718 тiркелген, «Заң

газетi» газетiнiң 2009 жылғы 14 тамыздағы № 123 (1546) санында жарияланған).

      3. Әкiмшiлiк департаментi (Ғ.А. Оспанқұлов):

      1) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен Қазақстан

Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

      2) мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы

бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын және Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастырсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты

хатшы Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен

кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң

      мiндетiн

атқарушы                         

М. Орынханов

Қазақстан Республикасы 

Бiлiм және ғылым министрi

мiндетiн атқарушының  

2013 жылғы 8 тамыздағы  

№ 324 бұйрығымен бекiтiлген

 

Бiлiм және ғылым

қызметкерлерiн көтермелеу жөнiндегi нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн көтермелеу жөнiндегi нұсқаулық (бұдан әрi -

Нұсқаулық) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi заңына

және «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына кiретiн кейбiр мемлекеттiк

органдардың ведомстволық наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес әзiрленген.

      2. Көтермелеу бiлiм және ғылым жүйесi, бiлiм

және ғылым саласындағы басқа да ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiн ынталандыру

нысаны болып табылады.

      3. Қызметкерлердi еңбектегi табыстары, бiлiм

және ғылым саласындағы жетiстiктерi үшiн көтермелеу мақсатында мынадай көтермелеу

түрлерi белгiленедi:

      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес

"Ы. Алтынсарин" төсбелгiсi;

      2) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес

"Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн"

төсбелгiсi;

      3) осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес

"Қазақстан Республикасының бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi"

төсбелгiсi;

      4) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құрмет грамотасы;

      5) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Алғысы.

2. Марапаттау

материалдарын қарау және беру (айыру) тәртiбi

(ведомстволық

наградалардан)

      4. Бiлiм

және ғылым саласының қызметкерлерiн көтермелеу туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан

Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң (бұдан әрi - Министрлiк) кадр

қызметiне мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) бiлiм беру ұйымдарының, ғылыми ұйымдар мен

мекемелердiң ұсынысы;

      2) осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес

нысан бойынша белгiленген үлгiдегi марапаттау парағы;

      3) ғылыми (педагогикалық) кеңес, алқа

шешiмдерiнен үзiндi (жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен мекемелер үшiн).

      Ұсыныс хатқа және марапаттау парағына

кандидатураны ұсынып отырған мемлекеттiк органның басшысы қол қояды.

      5. Орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен

кейiнгi бiлiм беру ұйымдары марапаттау материалдарын бiлiм беру саласындағы

жергiлiктi атқарушы органға ұсынады.

      6. Бiлiм беру саласындағы жергiлiктi атқарушы

органдар, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен мекемелер Министрлiктiң құрылымдық

бөлiмшелерiне марапаттау материалдарын жолдайды. Министрлiктiң құрылымдық

бөлiмшелерi марапаттау материалдарын Министрлiктiң кадр қызметiне ұсынады.

      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары,

облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, республикалық бiлiм беру

ұйымдары, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар Министрлiкке марапаттау

материалдарын ұсынады.

      8. Бiлiм және ғылым саласындағы қызметкерлердi

марапаттау туралы ұсыныстар мемлекеттiк, кәсiби, өзге де мерекелер мен мерейтой

күндерiн мерекелеу жағдайы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген

еңбек сiңiрген жылдарға жетуi бойынша қаралады.

      9. Марапаттау материалдары Министрлiктiң

Ведомстволық наградалар жөнiндегi комиссиясының (бұдан әрi - Комиссия)

отырысында қаралады. Комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi және Қазақстан

Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң (бұдан әрi - Министр) қарауына

енгiзiледi.

      10. Төсбелгiмен марапаттау Министрдiң бұйрығымен

жүзеге асырылады.

      11. Комиссия бiлiм саласы қызметкерлерiн

көтермелеуге объективтi көзқарасты қамтамасыз ету үшiн тұрақты негiзде

құрылады. Комиссияның құрамы Министрдiң бұйрығымен бекiтiледi.

      12. Комиссия шешiмдi ашық дауыс беру арқылы алқалы

түрде бiлiм және ғылым саласы қызметкерлерiн көтермелеу туралы ұсыныс

енгiзiлген сәттен бастап бiр айдың iшiнде қабылдайды. Егер Комиссия мүшелерi

дауысының жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген жағдайда, шешiм қабылданды деп

есептеледi. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. Дауыстар тең болған

жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi.

      13. Комиссия хаттамамен ресiмделетiн мына

шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

      1) бiлiм және ғылым саласының қызметкерлерiн көтермелеу

туралы ұсыныс қанағаттандырылсын;

      2) бiлiм және ғылым саласының қызметкерлерiн

көтермелеу туралы ұсыныс қабылданбасын;

      3) қызметкерлердi көтермелеу туралы ұсыныс

материалдарды толықтырып ресiмдеу үшiн керi қайтарылсын.

      14. Комиссияның қарауына ведомстволық

наградалардан айыру туралы мәселенi енгiзу үшiн:

      1) мемлекеттiк органның беделiн түсiретiн терiс

қылық жасағаны, қызметтiк борышын өрескел бұзғаны үшiн жұмыстан босату;

      2) соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiнiң болуы

негiз болып табылады.

      15. Ведомстволық наградалармен марапатталған

адамдар осы Нұсқаулықта көзделген тәртiппен тиiстi ведомстволық наградалардан

айырылады.

      16. Ведомстволық наградалардан айыру туралы

мәселенi шешу үшiн кадр қызметiне мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) наградадан айыру туралы ұсыныс;

      2) мемлекеттiк органдардың беделiн түсiретiн

терiс қылық жасағаны, қызметтiк борышын өрескел бұзғаны үшiн жұмыстан

шығарылғаны туралы бұйрықтың көшiрмесi немесе соттың заңды күшiне енген айыптау

үкiмiнiң көшiрмесi.

      17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны

Министрдiң тиiстi бұйрығы қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде мемлекеттiк

органға қайтарады.

      18. Ведомстволық наградалармен, Министрлiктiң

Құрмет грамотасымен марапаттау, Министрлiктiң Алғысын жариялау Қазақстан

Республикасының заңнамасында белгiленген мемлекеттiк, кәсiби, өзге де мерекелер

мен мерейтой күндерiн мерекелеу жағдайы бойынша тапсырылады.

      19. Ведомстволық наградалармен, Министрлiктiң

Құрмет грамотасымен марапаттау, Министрлiктiң Алғысын жариялау салтанатты

жағдайда жүргiзiледi және марапатталушының өзiне табыс етiледi.

      20. Әрбiр марапатталушыға ведомстволық

наградаларды тапсырумен бiр мезгiлде Министр қол қойған тиiстi куәлiк берiледi.

      21. Төсбелгiмен марапаттау қайта жүргiзiлмейдi.

3. Ведомстволық

наградалармен марапаттаудың негiздемелерi

«Ы.

Алтынсарин» төсбелгiсi

     

22. «Ы. Алтынсарин» төсбелгiсiмен бiлiм беру мен тәрбиелеу процесiн ұйымдастыру

мен жетiлдiрудегi, оқыту мен тәрбиелеудiң бiртұтастығын қамтамасыз етудегi,

бiлiм беру және тәрбиелеу бағдарламаларын iске асырудағы елеулi табыстары,

оқушыларды, тәрбиеленушiлердi практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық

белсендiлiгiн дамытудағы табыстары, облыстық (аудандық), олардың республикалық

халықаралық бiлiм бағдарламалары мен жобаларындағы жетiстiктерi үшiн бiлiм беру

органдары мен ұйымдарында 10 және одан да көп жыл еңбек өтiлi бар қызметкерлер

марапатталады.

«Ғылымды дамытуға

сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi

     

23. «Ғылымды дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсiмен отандық ғылым мен

техниканың әлемдiк жетiстiктер деңгейiне шығуына ықпал ететiн iргелi және

қолданбалы зерттеулер саласындағы маңызды нәтижелерi, ғылымның, техниканың және

мәдениеттiң басым бағыттары бойынша халықаралық, республикалық, өңiрлiк басқа

ғылыми-техникалық бағдарламаларды iске асырудағы жетiстiктерi, жаңа техника мен

технологияларды жасауға және қазiргiлерiн жетiлдiруге қосқан зор үлесi, зор

практикалық маңызы бар әзiрленген жаңа технологиялары, ғылым мен мәдениеттiң

қазiргi заманғы жетiстiктерi аясында ғылыми-зерттеу процестерiн ұйымдастырудағы

және жетiлдiрудегi елеулi табыстары, бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау және

қайта даярлаудағы жоғары жетiстiктерi, қаржы-шаруашылық қызметтiң ғылыми

саласын басқаруды ұйымдастырудағы, ғылымның материалдық-техникалық және

эксперименттiк-өндiрiстiк базасын нығайту мен дамытудағы жоғары жетiстiктерi

үшiн 10 жыл және одан да көп еңбек өтiлi бар ғылыми қызметкерлер марапатталады.

«Бiлiм беру iсiнiң

құрметтi қызметкерi» төсбелгiсi

     

24. «Бiлiм беру iсiнiң құрметтi қызметкерi» төсбелгiсiмен оқушылардың,

тәрбиеленушiлердiң және студенттердiң өз бетiмен дамуын, олардың оқуын

дараландыруды қамтамасыз ететiн сабақтарды, бiлiмдi бақылауды ұйымдастырудың

және өткiзудiң белсендi нысандарын және әдiстерiн және жаңа интерактивтiк

технологияларды оқу процесiне енгiзгенi, бiлiм алушылардың ғылыми-зерттеу және

жобалық-конструкторлық қызметiне басшылық жасаудағы табыстары, өңiрлiк,

республикалық, халықаралық бiлiм және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен

жобалардағы жетiстiктерi, бiлiм берудiң өзектi мәселелерi бойынша зерттеулерi,

бiлiм беру жүйесiнiң оқытушы кадрларын даярлаудағы және олардың педагогикалық

және ғылыми бiлiктiлiктерiн арттырудағы, мамандарды қайта даярлаудағы сiңiрген

еңбегi, оқу әдебиетiн әзiрлеудегi және оқу құралдары мен жабдықтарын шығарудағы

жетiстiктерi, бiлiм беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiн ұйымдастырудағы,

материалдық-техникалық және эксперименттiк-өндiрiстiк базасын дамытудағы және

нығайтудағы жетiстiктерi үшiн бiлiм беру ұйымдарында 10 жыл және одан да көп

еңбек өтiлi және жоғары немесе бiрiншi бiлiктiлiк санаты бар (педагог

қызметкерлер үшiн) қызметкерлер марапатталады.

4. Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң

Құрмет

грамотасымен марапаттаудың негiздемесi

     

25. Құрмет грамотасымен бiлiм және ғылым ұйымдарында кемiнде бес жыл жұмыс

өтiлi бар үздiк ғылыми және педагогикалық қызметкерлер, ғылыми педагогикалық

кадрларды даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi зор және

жемiстi еңбегi, бiлiм беру және тәрбиелеу процесiне оқытудың жаңа

технологияларын, нысандары мен әдiстерiн енгiзгенi және оқыту мен тәрбиелеудiң

бiртұтастығын қамтамасыз еткенi, iргелi және қолданбалы ғылымның өзектi

проблемалары жөнiндегi, оның iшiнде бiлiм беру проблемалары жөнiндегi ғылыми

зерттеулердi дамытқаны, өңiрлiк, республикалық, халықаралық бiлiм беру және

ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардағы, ғылымның, техниканың және

мәдениеттiң басым бағыттары бойынша өңiрлiк жоғары оқу орындары арасындағы

бағдарламаларды iске асырудағы жетiстiктерi, оқушыларды, тәрбиеленушiлердi,

студенттердi және тыңдаушыларды практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық

белсендiлiгi мен дербестiгiн дамытудағы табыстары, оқытудағы зор табыстары,

жоғары бiлiктi мамандарды практикалық даярлауда, материалдық-техникалық

базаларды дамытуда бiлiм беру ұйымдарына тұрақты және белсендi көмегi үшiн

марапатталады.

5. Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң

Алғысын

жариялаудың негiздемесi

     

26. Алғыс Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi немесе бiлiм

берудi басқару органдары ұйымдастыратын жекелеген, бiржолғы iс-шараларды

(конкурстар, олимпиадалар, байқаулар, көрмелер) өткiзгенi, Қазақстан

Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң тапсырмаларын жоғары деңгейде

орындағаны, еңбек, оқу, тәрбие және әкiмшiлiк қызметiндегi табыстары үшiн үздiк

бiлiм және ғылым саласы қызметкерлерiне жарияланады.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

1-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛIК            

УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Iшкi жағы

КУӘЛIК           

УДОСТОВЕРЕНИЕ       

_________        

______________________   Осы

куәлiк жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу

(тегi - фамилия)         iсiндегi

елеулi табыстары үшiн

                        

«Ы. АЛТЫНСАРИН» төсбелгiсiмен

                        

марапатталғандығы туралы

                        

берiлдi.

_____________________  

Настоящее удостоверение выдано в том, что

  (аты - имя)          

он(а) за значительные успехи в деле обучения

                       

и воспитания подрастающего поколения

                       

награждена(а) нагрудным знаком

                       

«Ы. АЛТЫНСАРИН»

__________________________

(әкесiнiң аты - отчество)

                        

Министр

                        

м.п.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн 

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

2-қосымша         

«Ғылымды дамытуға

сiңiрген еңбегi үшiн» төсбелгiсi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  

БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН   

КУӘЛIК             

УДОСТОВЕРЕНИЕ        

Iшкi жағы

КУӘЛIК            

УДОСТОВЕРЕНИЕ        

______          

___________________  Осы куәлiк

Қазақстан Республикасының ғылым

(тегi - фамилия)     саласында қол жеткен табысы үшiн

«ҒЫЛЫМДЫ

                    

ДАМЫТУҒА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН» төсбелгiсiмен

                    

марапатталғандығы туралы берiлдi.

__________________   Настоящее

удостоверение выдано в том, что он(а)

(аты - имя)          за

достигнутые успехи в области науки Республики

                    

Казахстан награждена(а) нагрудным знаком

                    

«ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА СIҢIРГЕН ЕҢБЕГI ҮШIН»

_________________________

(әкесiнiң аты - отчество)

                     

Министр

                     

м.п.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

3-қосымша         

«Бiлiм беру iсiнiң

құрметтi қызметкерi» төсбелгiсi

ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫ    

БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  

КУӘЛIК           

УДОСТОВЕРЕНИЕ      

Iшкi жағы

КУӘЛIК          

УДОСТОВЕРЕНИЕ      

______       

__________________   Осы

куәлiк Қазақстан Республикасының бiлiм беру

(тегi - фамилия)     саласындағы ерекше еңбегi үшiн «БIЛIМ

БЕРУ

                    

IСIНIҢ ҚҰРМЕТТI ҚЫЗМЕТКЕРI» төсбелгiсiмен

                    

марапатталғандығы туралы берiлдi.

__________________   Настоящее

удостоверение выдано в том, что он(а)

(аты - имя)          за особые заслуги

в области образования

                    

Республики Казахстан награждена(а) нагрудным

                    

знаком «БIЛIМ БЕРУ IСIНIҢ ҚҰРМЕТТI ҚЫЗМЕТКЕРI»

_________________________

(әкесiнiң аты - отчество)

                   

Министр

                   

м.п.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

4-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

ҚҰРМЕТ

ГРАМОТАСЫ

ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РУХАНИ

ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ДАМУЫ ЖОЛЫНДА

ҚОЛ ЖЕТКЕН ТАБЫСТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ

ГҮЛДЕНУIНЕ ҚОСҚАН ЗОР ҮЛЕСI ҮШIН

______________________________________________

______________________________________________

______________________________________________

МАРАПАТТАЛАДЫ

     

МИНИСТР                          

                                       

«__» _______ 20__ ж.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

5-қосымша         

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСIН ДАМЫТУҒА

ҚОСҚАН ЗОР ЖЕКЕ ҮЛЕСI ҮШIН

______________________________________________

_______________________________________________

_______________________________________________

АЛҒЫС

БIЛДIРЕДI

     

МИНИСТР                        

                                         

«__» _______ 20__ ж.

Бiлiм және ғылым қызметкерлерiн

көтермелеу жөнiндегi нұсқаулыққа

6-қосымша         

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегi, аты, әкесiнiң аты

__________________________________________

2. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны _____________________________________

(кәсiпорынның, мекеменiң, ұйымның бөлiмшесiнiң нақты атауын көрсету қажет)

3. Жынысы ___________________________________________________________

4. Туған жылы және туған жерi _______________________________________

5. Ұлты _____________________________________________________________

6. Бiлiмi ___________________________________________________________

7. Ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы ____________________________________

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттiк наградаларымен

марапатталған және марапатталған күнi _______________________________

9. Мекен-жайы _______________________________________________________

10. Жалпы жұмыс өтiлi _______________________________________________

11. Саладағы жұмыс өтiлi ____________________________________________

12. Қазiргi еңбек ұжымындағы жұмыс өтiлi ____________________________

13. Марапатталушының нақты ерекше еңбегiн көрсететiн мiнездемесi

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

           (ұйымның атауы,

талқылау мерзiмi, хаттама №)

______________________________ кандидатура талқыланған және ұсынылған

_______________________________ төсбелгiсiмен марапаттауға ұсынылады.

Кәсiпорын, мекеме, ұйым басшысы

_______________________________

        

(қолы)              

_______________________________

  (тегi, аты, әкесiнiң аты)    

«___» ________________ ж.

      (толтырған

күнi)      

мөрдiң орны        

Ескерту: марапатталушының тегi, аты,

әкесiнiң аты жеке куәлiгi

бойынша толтырылады және транскрипциясы мiндеттi түрде қазақ және

орыс тiлдерiнде көрсетiледi.

 

 

Просмотров: 524

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст