Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк бiлiм беру
ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы есептеу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2008 жылғы 29
қаңтардағы N 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2008
жылғы 22 ақпандағы Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң
тiзiлiмiне N 5148 болып енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк
органдарының актiлер жинағы, N 6, 2008 жылғы 10 маусым, "Заң газетi"
газетi 2008 жыл 13 наурыз N 38(1264)
Қолданушылардың назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз.
"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi
Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк
бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы есептеу ережесi бекiтiлсiн.
2. Қаржы департаментi (Т.А. Нұрғожаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеудi
қамтамасыз етсiн.
3.
Мыналардың:
1) "Бюджет қаражаты есебiнен қаржыланатын
жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне
еңбекақы есептеу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығының
(Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2164
тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк
органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi бюллетенiнде жарияланған, 2003 ж. N
15, 838-құжат, 2003 ж. N 23-24, 853-құжат);
2) "Бюджет қаражаты есебiнен қаржыланатын
жалпы орта, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне
еңбекақы есептеу туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 848 бұйрығына өзгерiс
енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрi мiндетiн
атқарушының 2006 жылғы 10 ақпандағы N 64 бұйрығының (Нормативтiк құқықтық
актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4135 тiркелген) күшi жойылды деп
танылсын.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң
қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрi
2008 жылғы 30 қаңтар
Қазақстан
Республикасы
Бiлiм және ғылым министрiнiң
2008 жылғы 29 қаңтардағы
N 40 бұйрығымен бекiтiлген
Бюджет қаражаты есебiнен
қаржыландырылатын мемлекеттiк
бiлiм
беру ұйымдарының қызметкерлерiне жалақы есептеу
ережесiн
бекiту туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерiне еңбекақы
төлеу айлық белгiленген тарифтiк ставкаларға (лауазымдық жалақыларға) қарай
еңбекақыны көтеру, қосымша ақы төлеу және педагогикалық жұмыстың нақты көлемi
ескерiле отырып жүргiзiледi.
2. Педагогикалық қызметкерлер арасындағы оқу жүктемесi тиiстi бiлiм беру
ұйымының оқу жоспары бойынша оқу уақытының көлемiне, педагогикалық кадрлармен
қамтамасыз етiлуiне және өзге де нақты жағдайларына қарай бөлiнедi.
2007
жылғы 27 шiлдедегi Қазақстан Республикасы "Бiлiм туралы" Заңына
(бұдан әрi - Заң) сәйкес педагогикалық оқу жүктемесiн бөлу құқығы бiлiм беру
ұйымының бiрiншi басшысына берiледi, ол оның нақтылығы және әрбiр мұғалiмнiң,
оқытушының, тәрбиешiнiң және өзге де педагогикалық қызметкердiң белгiленген
көлемдi сапалы орындауы үшiн жауап бередi.
Педагогикалық жұмыс көлемi Қазақстан
Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес апталық нормативтiк жүктеменi ескере
отырып сәйкес және ұжымдық, жеке еңбек шарттармен қызметкерлердiң келiсiмi
бойынша белгiленедi.
3. Мектептерде күндiзгi және сырттай оқыту нысанындағы жалпы бiлiм беретiн
мектептер (сыныптар) мектеп-интернаттарында (кешкi (ауысымдық) мұғалiмдерден
басқа), сырттай оқытатын мектептерде, емдеу-профилактикалық ұйымдарында ұзақ
уақыт жатып емделетiн балалармен сабақ өткiзетiн мұғалiмдердiң және кәсiптiк
лицейлердiң, мектептердiң, колледж оқытушыларының оқу жүктемесiнiң көлемiн
белгiлеу жартыжылдықтар бойынша жеке-жеке жылына бiр рет жүргiзiледi.
4. Күндiзгi және сырттай оқыту нысанындағы жалпы бiлiм беретiн кешкi
(ауысымдық) мектептерде (сыныптарда), сырттай оқытатын мектептерде,
емдеу-профилактикалық ұйымдарда ұзақ уақыт жатып емделетiн балалармен сабақ
өткiзетiн мұғалiмдердiң оқу жүктемесi жылына екi рет бiрiншi және екiншi оқу
жартыжылдығының басында белгiленедi.
5.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiне айлық жалақы ставкаларының
(қызметкерлердiң жалақысын), жекелеген қосымша ақылардың, үстеме ақылардың
мөлшерiнiң өзгеруi:
1) егер, Қазақстан Республикасының Бiлiм және
ғылым министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1051 бұйрығымен
(нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 3401
тiркелген, 2005 жылғы 17 тамыздағы "Заң газетiне" N 150 (884)
жарияланған) бекiтiлген педагогикалық қызметкерлердi Аттестаттау ережесiнде
басқаша көзделмесе, бiлiм деңгейi ескерiле отырып, тиiстi бiлiктiлiк санаты
берiлген күнiнен бастап;
2) жұмыс стажының көбейген күнiнен бастап;
3) құрметтi атақ берiлген күнiнен бастап;
4) бiлiм алған (техникалық және кәсiптiк бiлiм,
орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм) немесе бiлiмi туралы құжатын қалпына
келтiрген жағдайда - тиiстi құжат берiлген күнiнен бастап;
5) ғылыми атақ берiлген жағдайда - Төралқаның
немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Бiлiм саласындағы
бақылау комитетiнiң диплом беру туралы шешiм шығарған күнiнен бастап
жүргiзiледi.
6. Қызметкер жыл сайынғы еңбек ақылы, жыл сайынғы қосымша төлемдi еңбек ақылы,
әлеуметтiк демалыста және экологиялық апат пен радиациялық қауiптi аймақтар
бойынша жыл сайынғы қосымша төлемдi еңбек ақылы демалыста, сондай-ақ еңбекке
уақытша жарамсыз болған кезеңде (оның iшiнде жүктiлiгi мен тууы бойынша) болған
жағдайда еңбекақы ставкасы (лауазымдық жалақысын) өзгертiлгенде, жаңа тарифтiк
ставка (лауазымдық жалақы) есебiмен еңбекақы төлеуi - демалысы немесе еңбекке
уақытша жарамсыздығы аяқталған күнiнен бастап жүргiзiледi.
7. Бiлiм беру ұйымдарының мұғалiмдерiне, оқытушыларына, тәрбиешiлерiне және
басқа педагогикалық қызметкерлерiне айлық жалақы ставкалары (лауазымдық
жалақылар) апталық нормативтiк оқу жүктемесiне сәйкес төленедi және олардың
астрономиялық сағат бойынша жұмсаған жұмыс уақытына қарай белгiленедi. Сабақтар
(дәрiстер) арасында қарастырылған қысқа үзiлiстер (ауысулар) мұғалiмнiң
(оқытушының, қосымша бiлiм беру педагогының және басқа педагогикалық
қызметкердiң) жұмыс уақыты болып есептеледi.
8. Нормативтiк оқу жүктемесi белгiленбеген бiлiм беру мекемелерi
қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне сәйкес
белгiленедi.
2. Бастауыш,
негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру
ұйымдарының
педагогикалық қызметкерлерiнiң жалақысын
есептеу
тәртiбi
9.
Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарының педагогикалық
қызметкерлерiнiң жалақысын есептеу кезiнде айлық жалақы қолданылады.
Педагогикалық қызметкерлердiң айлық жалақысы
тарифтiк ставканы (лауазымдық жалақыны) олардың апталық нақты жүктемесiне
көбейту және шыққан нәтиженi белгiленген нормативтiк апталық оқу жүктемесiне
бөлу жолымен белгiленедi.
10. Жылдың әр бiр айларындағы апталар мен жұмыс күндерiнiң санына қарамастан,
тарифтеу кезiнде белгiленген айлық жалақы төленедi.
11. Оқу тоқсандары аралығындағы және оқу жылы басталғанға дейiнгi каникул
кезiнде, бiлiм беру ұйымдары қызметкерлерiнiң демалыс күндерiн қоспағанда,
педагогикалық жұмыс жүргiзетiн бiлiм беру ұйымдарының қызметкерлерiне еңбекақы
каникул басталар алдындағы тарифтеу кезiнде белгiленген жалақы есебiнен
жүргiзiледi.
12. Оқушылардың жазғы каникулы кезiнде жұмысқа басшы немесе педагогикалық
қызметкер ретiнде қабылданғандарға оқу жылы басталғанға дейiнгi кезең үшiн
жалақы олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген
бiлiктiлiк санаттарын, бiлiм деңгейiн және жұмыс стажын ескере отырып анықталатын
тарифтiк ставкасы (лауазымдық жалақы) есебiнен төленедi.
13. Сабақ 28 аптаға есептелген оқу жоспары бойынша өткiзiлетiн жалпы бiлiм беру
мектептерiнiң жанындағы кешкi (ауысымдық) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң және
кешкi (сырттай) оқыту жекелеген сыныптарының мұғалiмдерiне айлық жалақы оқу
жылы бойы, сондай-ақ оқу басталғанға дейiн бiр апта, оқу жылы аяқталғаннан
кейiн бiр апта үшiн төленедi.
14.
Ұйымдарда педагогикалық қызметкерлерге сағаттық төлем ауырып қалған немесе
басқа себептермен екi айдан аспайтындай уақыт iшiнде жұмыста уақытша болмаған
мұғалiмдердiң (оқытушылардың) мiндеттерiн орындау тәртiбiмен орындалған жұмыс
сағаттары үшiн ғана берiледi.
Егер жұмыста уақытша болмаған қызметкердiң
мiндеттерiн орындау қатарынан екi айдан асқан болса, педагогикалық қызметкерге
еңбекақы оның орнын басқан күннен бастап осы Ереженiң 9-тармақта көрсетiлген
жалпы тәртiп бойынша нақты педагогикалық жүктеменiң барлық сағаттары үшiн
төленедi.
Сағаттық төлем шартымен жұмыс iстейтiн және каникул
кезiнде сабақ жүргiзбейтiндерге, бұл уақыт үшiн еңбекақы төленбейдi.
15. Оқу
жүктемесiмен толық қамтамасыз етiлмеген мұғалiмдерге қосымша оқу жүктемесiнiң
шарттары кезiнде жалақы ставкасы белгiленген жүктеме нормасын басқа
педагогикалық жұмыстармен толықтыратын мынадай жағдайларда:
бейнелеу өнерi, музыка, ән және дене шынықтыру
сабақтарын маман педагогтарға бере алатындай жағдай жасалған жалпы бiлiм
беретiн мектептердiң бастауыш сынып мұғалiмдерiне;
денсаулығына және басқа себептерге байланысты
дене тәрбиесi және ән сабақтарын жүргiзе алмайтын жалпы бiлiм беретiн
мектептерiнiң бастауыш сынып мұғалiмдерiне;
шетел тiлiн тереңдетiп оқытатын мектептердiң
бастауыш сынып мұғалiмдерiне, дайындығының шама-шарқына байланысты шетел тiлiнен,
қазақ және орыс тiлдерiнен сабақ жүргiзе алмайтын ауылдық қазақ және орыстан
басқа ұлттар бастауыш мектептерiнiң мұғалiмдерiне;
орыс және басқа ұлттардың (қазақтық емес)
тiлiнде сабақ беретiн ауылдық мектептердiң қазақ тiлi мұғалiмдерiне;
қазақ және басқа ұлттардың (орыстық емес)
тiлiнде сабақ беретiн ауылдық мектептердiң орыс тiлi мұғалiмдерiне;
селолық мектептердiң дене тәрбиесi
мұғалiмдерiне, алыс жерлерге орналасқан мектептердiң шетел тiлiнен сабақ
беретiн мұғалiмдерiне, оларға төленетiн толық ставка есебiне дене тәрбиесi
жөнiндегi (дене тәрбиесi мұғалiмдерi үшiн) сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру,
жазба жұмыстарын тексеру және сынып жетекшiсi (шетел тiлi мұғалiмдерi үшiн)
мiндеттерi (мiндеттердiң бiр бөлiгi) қоса жүктелген жағдайда, толық
төленедi.
Басқа педагогикалық жұмысқа:
денсаулығына байланысты мектепке барудан
босатылған оқушылармен үйде сабақ өткiзу;
жоқ мұғалiмдердiң орнына сабақ беру;
ұзартылған күн тобында тәрбие жұмысын
жүргiзу;
басқа оқу-тәрбиелiк жұмыстар жатады.
Мұғалiмдi сабақ жүргiзуден босату және қосымша
мiндеттi жүктеме арқылы жалақыны айлық ставкадан кем мөлшерде төлемеу жөнiндегi
жағдайлардың бәрi мектеп директорының бұйрығымен ресiмделедi және мұғалiмiнiң
сабақ беруден нелiктен босатылатындығы әрi жүктеменi қандай жұмыстармен
толтыратындығы көрсетiледi.
16. Оқу
жүктемесi оқу жылы iшiнде мұғалiмдерге қатысы жоқ себептермен тарифтеу кезiнде
белгiленген жүктемемен салыстырғанда азайтылған жағдайда оларға оқу жылының
аяғына дейiн:
1) егер қалған жүктеме айлық белгiленген
ставкадан жоғары болса - жалақы нақты сағат саны үшiн;
2) егер қалған жүктеме айлық белгiленген
ставкадан төмен болса - айлық белгiленген ставка;
3) егер тарифтеу кезiнде оқу жүктемесi айлық
тарифтiк ставкадан кем белгiленген болса - тарифтеу кезiнде белгiленген жалақы
төленедi.
Оқу жүктемесi екiншi жартыжылдықта оқу жоспарына
байланысты азайған жағдайда бұл тармақ қолданылмайды.
17. Қосымша бiлiм беру ұйымдарындағы, жалпы бiлiм беру мектептерiндегi және
басқа бiлiм беру ұйымдарындағы жұмысы негiзгi жұмыс орны болып есептелетiн
қосымша бiлiм беретiн педагогтарға айлық жалақы осы Ереженiң 9-тармақта
қарастырылған тәртiппен белгiленедi, ал егер негiзгi жұмыс орны болып
есептелмесе, онда айлық жалақы сабақ өткiзген нақты сағаттар санына қарай және
ставканы орташа айлық сағат нормасына бөлу жолымен белгiленедi.
3. Техникалық және
кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
бiлiм
беретiн оқу орындарында жалақы есептеудiң тәртiбi
18.
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн оқу орындарында
жалақы есептеу кезiнде орташа айлық жалақы қолданылады.
Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi
бiлiм беретiн оқу орындарының оқытушыларына (жалпы бiлiм беру пәндерiнiң
оқытушыларынан басқа) жыл сайын оқу жылы басталғанға дейiн айына орташа жалақы
оқытушының сағаттық тарифтiк ставкасын оған белгiленген жылдық жүктемеге
көбейтiп, шыққан нәтиженi 10 оқу айына бөлу жолымен анықталады. Тарифтiк
сағаттық ставка жалақының тарифтiк айлық ставкасын оқу жүктемесiнiң орташа
айлық нормасына бөлу жолымен анықталады. Белгiленген орташа айлық жалақы
оқытушыға, кезектi демалыс күндерiн қоспағанда, оқу жылы iшiндегi жұмысы үшiн
төленедi.
19. Оқу
жылы iшiнде жұмысқа кiрген оқытушыларға тарифтiк орташа айлық жалақы осы
оқытушының сағаттық ставкасын оқу жылының аяғына дейiнгi қалған толық оқу
айларының оқу жүктемесiне көбейтiп, шыққан нәтиженi сол айлардың санына бөлу
жолымен белгiленедi. Бұл жағдайда толық емес ай үшiн жалақы сағаттық ставка
бойынша нақты сағаттар саны үшiн төленедi.
Жұмысқа оқу жылы басталғанға дейiн кiрiскен
оқытушыларға сабақ басталғанға дейiнгi жұмысы үшiн жалақы олардың Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген бiлiм деңгейiн және
педагогикалық стажын ескере отырып анықталған айлық ставкасы есебiнен төленедi.
20. Оның
iшiнде, қолданып жүрген заңнамаға сәйкес оқытушылар сабақтан орташа жалақыларын
iшiнара немесе толық сақтай отырып босаған кезде, оларға белгiленген жылдық оқу
жүктемесiнiң көлемi жұмыста болмаған әрбiр толық ай үшiн және пайдаланылмаған
жұмыс күндерiнiң санына қарай - толық емес ай үшiн 1/10 бөлiкке қысқаруға тиiс.
Оқытушыларды сабақтан орташа жалақысын сақтамастан босатқан жағдайда да,
сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыз болған, бала көтерген және босанған жағдайда
да жылдық оқу жүктемесi осы тәртiппен жүргiзiледi.
Оқытушы iс жүзiнде оқу жұмысын орындаған күндер
үшiн (мәселен, науқастық парағын берген күн, iссапарға шыққан және iссапардан
оралған күн) жүктеменi азайту жүргiзiлмейдi.
21. Егер оқу орнына оқу процесi барлық күнтiзбелiк жыл бойы жалғасатын болса
және осыған байланысты оқытушыларға төленетiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы
жазғы каникул кезеңiнде ғана емес, әр түрлi айларда берiледi, ағымдағы жылдың
төленетiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшiн оқу жүктемесiн 1/10 бөлiкке
азайту жүргiзiлмейдi.
22. Оқытушыларға оқу жылының басында белгiленген орташа айлық жалақысы
көрсетiлген жағдайларда азайтылмайды. Оқытушының оқу жылы iшiнде азайтылған оқу
жүктемесiнен тыс орындаған оқытушылық жұмысының сағаттары, азайтылған оқу
жүктемесi орындалғаннан кейiн, сағаттық тарифтiк ставка бойынша қосымша
төленедi.
23. Белгiленген жылдық жүктемеден тыс берiлген оқытушылық жұмыс сағаттары
оқытушы жылдық оқу жүктемесiн аяқтағаннан кейiн сағаттық ставкалар бойынша
қосымша төленедi. Бұл ақы ай сайын немесе оқу жылының аяғында төленедi.
24. Жеке оқыту нысанындағы (мәдениет және өнер) техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарында оқытушыларды тарифтеу оқу жылында екi
рет: бiрiншi және екiншi жартыжылдықтың басында өткiзiледi.
25. Егер техникалық және кәсiптiк бiлiм беру орындарында теориялық сабақтар
жылына 39-40 оқу аптасы бойы (10 айлық оқу мерзiмiмен) жүргiзiлетiн болса, онда
жалпы бiлiм беру пәндерiнiң оқытушыларына жалақы осы пән бойынша апталық оқу
сағаттарының орташа саны есебiнен және оқу жоспары бойынша теориялық оқыту
апталарының саны есебiнен есептеледi.
26. Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру орындарында теориялық сабақтар оқу
жоспарына сәйкес жылына 27 оқу аптасы бойы (6 айлық оқу мерзiмiмен) жүргiзiлген
жағдайда, оқытушыларға айлық жалақы оқу жоспары бойынша жылдық оқу жұмысының
көлемiн 38 аптаға бөлу жолымен белгiленетiн апталық орташа оқу жүктемесi
есебiнен төленедi.
27. Оқу
орындарының штатындағы өндiрiстiк оқу шеберлерiне айлық жалақылар бойынша
төленедi.
Науқастануына, демалыста, iссапарда, оқу
жиындарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа
себептердiң болуына байланысты уақытша жұмыста болмаған өндiрiстiк оқу
шеберлерiнiң орнын басқан жағдайда, сондай-ақ оқу уақытының оқу жұмысы
көлемiнiң жетiмсiздiгiнен оқу орнының штатына шебер штаттық бiрлiгiн енгiзу
мүмкiн болмаған жағдайда, оқу жүктемесi толық болмаған, сондай-ақ белгiленген
жұмыс уақытының нормасынан тыс берiлген сағаттар үшiн өндiрiстiк оқу шеберiне
сағаттық ақы төленедi. Бұл жағдайда жалақы мөлшерi шебердiң айлық лауазымдық
жалақысын жұмыс сағаттарының орташа айлық нормасына бөлiп, шыққан сағаттық ставканы
ай iшiнде iстелген нақты сағаттар санына көбейту жолымен белгiленедi.
4. Мұғалiмдерге
оқытылуы сырттай нысан бойынша жүзеге
асырылатын
балалармен iстеген жұмысы үшiн және ұзақ уақыт
емделетiн
балаларды оқыту бойынша жалақы есептеу тәртiбi
28.
Мұғалiмдерге оқытылуы сырттай нысан бойынша жүзеге асырылатын балалармен
iстеген жұмысы үшiн тарифтеу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мұғалiмнiң оқу жүктемесiне оқу жоспары бойынша
екiншi жартыжылдыққа есептелген оқу уақытының көлемi, топтық және жекедара
консультациялар сағаттары, сондай-ақ ауызша және жазбаша қабылданатын сынақтар
сағаты көлемiнiң 70 пайызы қосылады;
ауызша және жазбаша сынақ алудың оқу
жоспарындағы оқу уақытының көлемi есебiнен, оқушылардың 9-дан 15 адамға дейiнгi
орташа тобы үшiн - 12 сағат, ал 16-дан 20 адамға дейiнгi тобы үшiн - 18 сағат.
29. Тарифтеу кезiнде оқу жүктемесiне қосылған сағаттардың жалпы саны
жартыжылдықтағы оқу апталарының санына бөлiнедi. Осыдан шығатын оқу
жүктемесiнiң орташа апталық көлемi есебiнен мұғалiмге айлық жалақы белгiленедi,
ол жартыжылдықтың әр түрлi айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан ай сайын
төленiп тұрады.
30.
Мұғалiмдердi ауруханаларда ұзақ уақыт жатып емделетiн балаларды оқытқаны үшiн
тарифтеу, егер оқушылардың үнемi ауысып отыруы мұғалiмдердiң оқу жүктемесiне
әсер еткен жағдайда, мынадай тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн:
әр жартыжылдық басындағы тарифтеу кезiнде
мұғалiмнiң оқу жүктемесiне оқу жоспары бойынша топтық және жекедара сабақтарға
бөлiнген барлық сағаттар 100 пайыз қосылмай, осы сағаттар көлемiнiң 80 пайызы
ғана қосылуы мүмкiн;
бұл жағдайда оқытушылық жұмыс сағаттары үшiн
айлық жалақы ставкасын (жұмыстың ерекше режимi үшiн 20 пайызға артатындығын
ескере отырып) әр жартыжылдықтың басында нақты жүктемеден 80 пайыз мөлшерiнде
алған жүктеме көлемiне көбейтiп, белгiленген апталық сағат нормасына бөлу
жолымен анықталады.
Осылайша белгiленген айлық жалақы осы оқу
жартыжылдығының әр түрлi айларындағы нақты жүктемелерге қарамастан келесi
жартыжылдықтың басына дейiн төленiп отыратын болады.
31. Әрбiр оқу жартыжылдығы аяқталысымен тарифтеу кезiнде белгiленген, оқу
жүктемесiнен тыс орындалған педагогикалық жұмыс сағаттарының ақысы сағаттық
ставка бойынша қосымша төленедi.
32. Қазақ тiлiнiң, ана тiлiнiң, орыс және шетел тiлiнiң, әдебиет, математика
пәнiнiң мұғалiмдерiне жазба жұмыстарын тексергенi үшiн тарифтеу кезiнде оқу
жүктемесiне енгiзiлген сағаттары көлемiнiң жалпы санынан есептелетiн қосымша
ақы жүргiзiледi.
33. Мектеп мұғалiмдерiнiң созылмалы науқасы бар балаларды жекедара үйде
оқытқаны үшiн және денсаулығына байланысты арнайы медициналық топқа жатқызылған
балалармен денешынықтыру сабағын жүргiзгенi үшiн, айлық жалақысы осы Ереженiң
9-тармақта қарастырылған тәртiппен белгiленедi.
5. Шағын
комплектiлi жалпы бiлiм беретiн мектептер
мұғалiмдерiнiң
штаттық бiрлiктерiн есептеу және еңбекақы
төлеу
тәртiбi
34. Оқушылардың жалпы құрамы 20 адамға дейiн болатын 2 бастауыш сыныбы, жалпы
құрамы 15 адамға дейiнгi 3 бастауыш сыныбы, оқушылардың жалпы құрамы 10 адамға
дейiн жететiн 4 бастауыш сыныбы болған жағдайда - оқушылар комплектi-сыныпқа
бiрiктiрiледi және оқу жоспары бойынша оқу уақыты көлемiне байланысты жарты
ауысымда онымен бiр мұғалiм айналысады.
35. Егер 2 бастауыш сыныптағы оқушылардың саны 20 немесе одан да көп адамды
құрайтын болса, онда әр мұғалiм жеке сыныппен айналысады.
36. Егер
3 бастауыш сыныптағы оқушылар саны 15 және одан да көп, ал 4 бастауыш сыныпта
10 және одан да көп болса, онда оқушылар екi комплект сыныпқа бiрiктiрiледi
және әрқайсысымен жеке мұғалiм айналысады.
Бұл жағдайда 3 бастауыш сыныпта бiр мұғалiм бiр
сыныпқа, ал екiншi мұғалiм сынып-комплектiге сабақ бередi. 4 сынып болған
жағдайда - екi мұғалiм де сынып-комплектiге сабақ бередi (iс жүзiнде 1 және
3-сыныптар мен 2 және 4-сыныптарды бiрiктiрген дұрыстау деп есептеледi).
37. Мұғалiмдерге айлық жалақы апта iшiндегi оқытушылық жұмыстың нақты сағат
санына қарай төленедi, бiрақ ол сағат көлемi сынып-комплектiге кiретiн
сыныптардың оқу жоспарында қарастырылған ең көп көлемнен аспауға тиiс.
38. Құрамында 15-ке дейiн оқушысы бар сыныппен (сынып-комплектiмен) жұмыс
iстейтiн мұғалiмдерге сынып жетекшiлiгi және дәптерлердi тексергенi үшiн
қосымша ақы қарастырылған "Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет
қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық
кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 қаулысымен (бұдан
әрi - Үкiмет қаулысы) белгiленген қосымшалардан 50 пайыз мөлшерiнде төленедi.
39. Құрамында шағын комплектiлi сыныптары бар негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
беру мекемелерiнде сабақ жүргiзу және осы сыныптардың (сынып-комплектiлердiң)
мұғалiмдерiне еңбекақы төлеу осы Ереженiң жоғарыда көрсетiлген тармақтарда
қарастырылған тәртiппен жүргiзiледi.
6. Бiлiм беру
ұйымдарының қызметкерлерiне көбейтудi,
сондай-ақ
қосымша ақы мен үстемеақының кейбiр түрлерiн
белгiлеу
тәртiбi
40.
Үкiмет қаулысымен белгiленген нақты оқу жүктемесiне байланысты көбейтудiң,
қосымша ақы мен үстемеақы:
1) жалпы бiлiм беретiн мектептер мен барлық
үлгiдегi және түрлердегi мектеп-интернаттарының 1-4-сыныптарын қоспағанда,
мұғалiмдер мен оқытушыларға дәптер мен жазба жұмыстарын тексергенi үшiн;
2) дарынды балаларға арналған арнаулы
мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да бiлiм беру ұйымдарында бейiндiк
бағыттағы пәндер бойынша сабақ бергенi үшiн;
3) ұлттық тiлдерде оқытатын (оның iшiнде қазақ
тiлiнде оқытатын) ауылдық жерлерде және қала үлгiсiндегi поселкелерде
орналасқан жалпы бiлiм беретiн ұйымдарда, техникалық және кәсiптiк, орта
бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда орыс тiлi мен әдебиетi бойынша сабақ
беру сағаттары үшiн;
4) орыс тiлiнде оқытатын жалпы бiлiм беретiн
ұйымдарда техникалық, және орта оқу орнынан кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда
мемлекеттiк және ұлт тiлдерi мен әдебиетi бойынша (оның iшiнде қазақ тiлi мен
әдебиетi бойынша) сабақ сағаттары үшiн;
5) араб, қытай және парсы тiлдерi бойынша сабақ
сағаттары үшiн жалпы бiлiм беретiн мектептердiң мұғалiмдерiне;
6) жекелеген пәндердi тереңдетiп оқытатын оқу
орындарының бейiндiк бағыттағы пәндерi бойынша педагогикалық қызметкерлерге,
инновациялар мен эксперименттер режимiнде (лицейлер, гимназиялар, техникалық
лицейлер, мектепке дейiнгi және жалпы бiлiм беретiн бағыттағы оқу-тәрбие
кешендерi), сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жұмысы шет тiлiнде жүргiзiлетiн
мектепке дейiнгi балалар ұйымдарында жұмыс iстейтiн директорлар мен олардың
орынбасарларына және педагогикалық қызметкерлерге;
7) әскери мектеп-интернаттардың педагогикалық
қызметкерлерiне ерекше еңбек шарттары үшiн;
8) ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру
ұйымдарының ауылдық жерлердегi мамандарының жұмысы үшiн;
9) ерекше тәрбиелеу жағдайларында ұзақ емдеудi
қажет ететiн даму мүмкiндiгi шектеулi оқушыларымен (тәрбиеленушiлер, балалар)
қоса арнайы тағайындалған кемiнде екi тобы (сыныптар) бар жалпы үлгiдегi
оқу-тәрбие мекемелерiнiң басшыларына;
10) даму және оқу мүмкiндiгi шектеулi, сондай-ақ
тәрбиелеудiң ерекше жағдайын немесе ұзақ емдеудi қажет ететiн балалармен және
жұмысы үшiн;
11) жасөспiрiмдердi оқшаулау, бейiмдеу, оңалту
орталықтарындағы және тәрбиелеу колонияларындағы кәсiптiк лицейлердегi,
мектептердегi, кешкi және орта бiлiм беретiн мектептердегi және түзеу
мекемелерiнiң және тәрбиелеу колонияларының жанындағы оқу-консультацияларындағы
және мiнез-құлқылы девиантты балалар мен жасөспiрiмдерге арналған мекемелердегi
жұмысы үшiн;
12) жабық үлгiдегi арнайы оқу-тәрбие
мекемелерiндегi жұмысы үшiн;
13) жетiм балалар мен ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмысы үшiн;
14) бiлiктiлiк категориясы үшiн жүргiзiледi;
15) техникалық және кәсiптiк бiлiм беру
ұйымдарының өндiрiстiк оқыту шеберлерiне өндiрiстiк оқытуды ұйымдастырғаны
үшiн;
16) «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» дербес
бiлiм беру ұйымының оқу бағдарламалары бойынша бiлiктiлiктерiн арттырудан өткен
бастауыш, негiзгi және жалпы орта бiлiм беретiн бағдарламаларын iске асыратын
бiлiм беру ұйымдары мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiк деңгейi үшiн.
Ескерту. 40-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi -
ҚР Бiлiм және ғылым министрiнiң 02.08.2013 № 313 бұйрығымен
(қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз).
41. Барлық үлгiдегi және барлық түрдегi жалпы бiлiм беретiн мектептер мен
мектеп-интернаттардың 1-4-сынып мұғалiмдерiне оқу жүктемесiнiң көлемiне
қарамастан қосымша ақы берiледi.
42. Сынып жетекшiлiгi үшiн қосымша ақы барлық үлгiдегi мектеп-интернаттарда
қатынап оқитын оқушылардан топтастырылған сыныптарда белгiленедi.
43. Жалпы орта бiлiм беретiн бастауыш және негiзгi сатысы бар техникалық және
кәсiптiк бiлiм беретiн оқу орындарында немесе кәсiптiк даярлықпен қоса жалпы
бiлiм беру пәндерi бойынша оқытуды жүзеге асыратын колледждерде, дәптерлер мен
жазба жұмыстарын тексергенi үшiн қосымша ақы жалпы бiлiм беретiн пәндерi
оқытушыларына да төленедi.
44. Бiлiм беру мекемелерiнiң оқытушыларына және басқа да қызметкерлерiне кешкi,
сырттай оқытатын бөлiмшелерге, мамандық бойынша бөлiмшеге меңгерушiлiк үшiн
төленетiн қосымша ақы, басқа мұғалiмдер мен педагогикалық қызметкерлерге,
сондай-ақ осы ұйымдардың соларға теңестiрiлген қызметкерлерiне де төленедi.
45.
Қосымшаақы мен үстемеақының барлық түрлерi ғылыми дәрежесi үшiн, түнгi
уақыттағы, мерекелiк және демалыс күндерiндегi жұмысы үшiн, сабақтан тыс
жұмыстары үшiн, радияциялық қауiптi аумақтарда және экологиялық апат
аймақтарында тұрғаны, бiлiктiлiк деңгейi үшiн төленетiн қосымшаақыны
қоспағанда, сонымен қатар лауазымдық жалақысынан (лауазымдық қызметақыдан)
жүргiзiледi.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР
Бiлiм және ғылым министрiнiң 02.08.2013 № 313 бұйрығымен (қолданысқа енгiзiлу
тәртiбiн 4-тармақтан қараңыз).
7. Балалар демалыс
лагерлерiнiң қызметкерлерiне
жалақы
белгiлеудiң тәртiбi
46.
Мектептердiң, мектеп-интернаттардың және қосымша бiлiм беру ұйымдарының жыл
сайынғы ақылы еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтiн кезеңде лагерлерге
жiберiлетiн мұғалiмдерiнiң, тәрбиешiлерiнiң, аға вожатыйларының, қосымша бiлiм
беретiн педагогтарының, жаттықтырушы-оқытушыларының және басқа да педагог
қызметкерлерiнiң жалақылары толық сақталады.
Сонымен қоса, бұл қызметкерлерге сауықтыру
шараларын өткiзу үшiн бөлiнген қаражат есебiнен лагерлердегi лауазымдарына
сәйкес немесе сағаттық ақы бойынша жалақы төленедi.
Бiлiм ұйымдары мекемелерiнiң жыл сайынғы ақылы
еңбек демалыстарына тұспа-тұс келмейтiн кезеңде туристiк саяхат өткiзу үшiн
жiберiлетiн (оның iшiнде жорықтарға, экспедицияларға, экскурсияларға)
мұғалiмдерi мен басқа да қызметкерлерiне де осындай тәртiппен еңбекақы
төленедi.