Қош келдің балдырған
Жаз айлары-мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт . Қоянды орта
мектебінде балалардың демалуына «Еркетай» жазғы демалыс лагері жоспарлы түрде
жұмыс жасауда.Бұл «Еркетай» лагері 3 маусымнан тұрады. 2 маусым ашылуында «Қош келдің балдырған» атты концерттік бағдарлама өткізілді.Тәрбиешілеріміз клуон және жануарлар кейіпкерлері болып балалармен түрлі ойындар жүргізіп, би билеп көңілдерін көтеруге өз үлестерін қосты. Концерттік бағдарламада оқушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетті. Атап айтсақ Серикболат Жанеркенің биі көрермендердің және балалардың көңілінен шықты . Кәусардын орындауында «Қос бәйтерегім» әні орындалып би биледі.Оқушыларымен
ұлттық ойындар өткізіп, асфальтта сурет салу іс-шаралары жүргізілді. Бұл мерекенің балалардың көңілінен шығуына ат салысқан 2-маусымның тәрбиешілерінің еңбегі зор. Жалпы бұл мереке өз дәрежесінде өтіп, балалардың көңілінен шықты. Балалар ерекше сезімде болды. Әр бір бала әр бір отбасының шамшырағы,үміті. Осы шамшырақты жағу жолында әр бір тәрбиешінің рөлі зор болуы керек.
«Бала –бақыттың бастауы»демекші кез–келген жас ұрпақтың дені сау мемелекетіміздің ірге тасын қалаушы ,басекеге қабілетті азамат болып өсуіне тілегіміз зор!
Автор: лагерь басшысы Ысках Марзия