«Жаңартылған білім мазмұнын жаңарту жағдайында қолдану» курсының берері мол
2017 жылдың 6 тамызынан 11 тамыз аралығында Қоянды орта мектебінде ҚР Білім және ғылым министрлігі біліктілікті арттырудың Қазақстандық өңірарлық орталығының тренері Гүлмира Мұратқызының ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім мазмұнын жобалау» тақырыбында курс ұйымдастырылды.
Курстың мақсаты:
Жаңартылған білім жүйесіне көшкен 2,5,7 сыныптарды оқытудағы ерекшеліктермен таныстыру, әдістемелік көмек беру.
Курс барысында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесі, оны сабақта қолдану тәсілдері, оқушылардың функционалдық сауаттылығын құра отырып, оқушыларды нақты критерийлер арқылы әділ де шынайы бағалаудың, бәсекеге қабілетті интеллектуалды тұлға тәрбиелеудің қажеттігін түсіндік.
Жаңартылған білім беру мазмұнының тәжірибеде жүзеге асуын қазақ тілі, математика, география, биология, дүниетану т.б.пәндері бойынша ықшам сабақтар көрсетіп, тәжірибемен бөлістік.
Курс соңында ұстаздар алған білімдерін жинақтап, кері байланыс жасады. Туындаған сұрақтар мен ұсыныстарын ортаға салды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Хожа Динар