"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

23.08.2017

Қоянды орта мектебінің 2017-2018  оқу жылындағы

«Мектепке жол» республикалық акциясы

бойынша есебі

Биылғы 2017-2018 оқу жылында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы Қоянды орта мектебінде1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Менің таңдауым – балаларға көмек» ұранымен өтті. Акция барысында мектеп жасындағы барлық балаларды білім беру ұйымдарында оқумен қамту, әсіресе аз қамтылған, күнкөріс деңгейі төмен отбасынан шыққан оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету, әлеуметтік көмек көрсету мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарылды. Аталған акцияны ұйымдастыру комитетінің құрылып, жоспары бекітілді. Акция туралы ақпараттық бұрыш ұйымдастырылып, үндеухаттар таратылды.

          Әлеуметтік себептермен мектепке бармаған оқушыларды анықтау мақсатында мектеп мұғалімдері шағын аудандарға рейдтер жүргізді. 0-18 жас аралығындағы жасөспірімдер тізімі жасалды. Азаматтардың өтініштерін жедел қарастыру үшін «46-601 сенім» телефонының жұмысы сағат 9:00 –дан 18.00 –ге дейінгі уақыт аралығына ұйымдастырылды.  Мектеп жасындағы барлық балалар, оның ішінде аз қамтылған, көп балалы, жайсыз, толық емес отбасынан шыққан балалардың, көмекке мұқтаж оқушылардың, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың  оқумен қамтылуына жағдай жасау жөніндегі жан-жақты шаралар  ұйымдастырылды.

«Мектепке жол» акциясы  аясында алғашқы онкүндікте Қоянды ауылымыздың орталық мешітінен  жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 5 оқушыға 25000 теңге көлемінде көмек көрсетті.

Әлеуметтік педагог:            А.Сабигат

Просмотров: 637

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст