"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

24.08.2017

ЕХРО -2017көрмесі

ЕХРО-2017 көрмесі–бір жарым ғасырлық тарихы бар бүкіләлемдік көрме. Әлемдік деңгейдегі көрмені өткізу тәуелсіздіктің ширек ғасырында жас мемлекетіміздің еншісінебұйырыпты.

Еліміздің Астанасында маусым айында басталған көрме алыс-жақын шет елдерден келген келушілерге есігін айқара ашты. Жаздың аптап ыстығына қарамастан, еліміздің әр өңірінен көрмені тамашалағандар қатарында оқушылар, студенттер, ұстаздар т.б үлкен-кіші, жаскәрілер бәрі де болды.

Біздің Қоянды орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары да  көрмеге барып, ерекше

әсерге бөленіп қайтты. Бізге өз еліміздің жаңа технология  бойынша Күн жүйесінің құрылымын таныстыруы, Айға жасаған саяхаты, Жел энергетикасы, күн сәулесімен жүретін машиналар, су диірмендері т.б. ұнады. Бір сөзбен айтқанда, баламалы энергия көзі кеңінен

насихатталған. Сондай-ақ, биоэнергетика, елімізде өсірілетін дәнді-дақылдардың алуан түрін көріп, таңданысымызды жасыра алмадық.

Ал, әр елдің павильондарында өз көрмелері қойылған. Көрмеде қолөнер бұйымдары, өнеркәсіп, жаңа технология бұйымдары келушілер назарын өзіне аударды. Австралия павильоны әр түрлі қалдықтардан энергияның  балама көзін көрсетсе, Жапон елі жаңа технология бойынша күн энергиясын ұсынған. Қытай елі павильонында 3Д форматында Шанхайға саяхат жасадық. Ал Түркия павильонында түрік ұлтының мәдениеті кеңінен насихатталған.

Қорыта айта болсақ, EXPO-2017 көрмесінде өз еліміз және әлемнің біршама мемлекеті өздерінің ең үздік техникалық, ғылыми, мәдени жетістіктерін ұсынған.  Бәсі биік бәсекеде еліміз әлемдік деңгейдегі шараны лайықты ұйымдастырған деуге болады. Көрме арқылы әлемнің қай бағытта дамып жатқанына куә болып қайттық.

  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Хожа Динар

Просмотров: 471

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст