Қоянды орта мектебі 1-тоқсан бойынша тәрбие бойынша атқарылған іс шаралар есебі
2017-2018 оқу жылы
2017-2018оқу жылында тәрбие жұмысы жоспарға сәйкес жұмыстар атқаруда.
Оқу жылының басында «Мектепке жол» акциясымен басталды.
Әлеуметтік жағдайсыз төмен отбасыларына - 279 мың т көлемінде көмек көрсетіліп 25 бала
қамтылды. Ауылдағы демеушілер (Золотой фазан демалыс орны ,
ауыл мешіт, Аяулым дүкені иесі, әкімшілік, алаш тойханасы , адал ет шаруашылық иесі) көмектесті . Мектеп ұжымынан ( Савилхан М., Мусабаева С., Габдулинна Ж. Курганбекова М) Тәрбие жұмысы 8бағытта жұмыс атқарды.
Рухани және патриоттық бағытында 2-Қыркүйек білім күнінде салтанатты жиын мен білім сабағы (Мен- Патриотпын) ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел: Рухани жаңғыру « Ұлтқұндылықтарын дәріптеу»5-11-сыныптармен құқық бұзушылықтың
алдын алу тақырыбында инспекторымен кездесулерөтті.«Ұлт болашағы бүгінгі жас ұрпақ» тақырыбында мектепішілік ата –аналар жиналысы өткізілді.
Қарттар күніне орай « Немерелерден тағзым» тақырыбында концерт ұйымдастырылды.
Сондай Тәлімгер Ермек Серікбайұлы қарттарға жәрдем көрсету мақсатында10- сынып оқушыларымен үйлеріне барып шаруашылықтарына көмектесті ,
«Мұғалім мектептің жүрегі» тақырыбында 11- сыныптардың мерекелік концерт өткізілді.
Ауыл әкімдігімен біріге « Мен Қазақпын» атты жасөспірімдер арасында концерт ұйымдастырылды.
«Күзгі ханшайым мен ханзада » « Күзгі кеш» сайыстары 2-11- сыныптар арасында ұйымдастырылып , жас
ерекшеліктеріне сай тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Шідерхан Т, Жеңіс Д күз тақырыбына байланысты үлгілі тәрбие сағатын өткізді. Ал
сыныпішілік күзгі сайыс 1ж ұйымдастырылды. Жүргізілген тәрбие сағаты мен сыныпішілік сайыс жақсы деп бағаланды.
11-сыныптар арасын оқушылар Облыстық өлкетанушылар мен экологтардың форумына қатысып үздік «Үгіт бригада» номинациясын бойынша 2 орынға ие болды.
«Мен және менің полициям» апталық ұйымдастырылып кездесулер мен түсіндірме жұмыстары , сынып сағаттары, шығарма жұмыстары өткізілді.« Қыз еркем- ақылымен көркем» тақырыбында 8-11 сыныптар арасында генеколог, ардагер әжелермен кездесу кеңесі өткізілді. «Жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сурет байқау жүргізіліп, үздік танылған сурет ауданға жіберілді. Қыркүйек айында өзөзіне қол жұмсаудың айлық жоспары жасалынып, 1,5,10 сынып оқушылары және жаңадан келген оқушылардың бейімделу
кезінде оқушылардың беймазалық сезімдеріне жол бермеу мақсатында мектеп психологы диагностикалық, алдын алу , кеңес беру жұмыстарын жүргізді.Оқушылардың бейімделуіне арналған тренинг сабақтар жүргізілді.
Сынып жетекшілері ұсынған девиантты мінез-құлықты оқушылардың үйлеріне әлеуметтік педагог
барып оқушылардың тұрмыс жағдаймен танысып акт толтырылып жұмыс жасалды. Өзін-өзі тану пән мұғалімі Расул С сыныптан тыс «Бақыт құшағында» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды.
Мектеп психологтары Баймағанбетова Ә., Хайрол Г.11- сыныптар арасында тренигтер жүргізді және жеке ата анамен жұмыста өмірдің қиын жағдаяттардан шығу жолдары жөнінде кеңестер берді.
Салауатты өмір салтының қаалыптастыру бойынша Қыркүйек айының 9- күні «Денсаулық күні»
ұйымдастырылды. Қыркүйек қазан айларында денсаулық тақырып аясында сынып сағаттар жүргізілді.
Қыркүйек айының соңғы аптасында мектеп медбикесімен біріге отырып оқушылардың гигеналық тазалығы қаралып анықтама жызылды.
Спорттық сайыстар бойынша қазан айында Талапкерде аумақ бойынша тоғызқұмалақ мектеп оқушылары 1-2 орынға ие болып, жалпы командалық 1-орынға ие болса, Ақмол мектебіндегі ойында тоғызқұмалақтан командалық есепте 2 орынға ие болды. 1-орынға ие болған Нұрданғазы Арна облысқа жолдама алып, облыстық ойында аудан атынан ойнап командалық есепте 3 орынға ие болды. Жаттықтырушы Молдабаев Д.Ж. Талапкерде өткен аудандық спартакиада дойбыдан оқушылар 1- орынға шығып командалық есепте Целиноград аудан бойынша 2-орынға ие болды . Жаттықтырушы МоншақЕрмек Шахматтан аудандық сайыста оқушылар 1/2/3 орынға ие болып, жалпы команда бойынша 1-орынға ие болды. Жаттықтырушы Сарсембеков Е.
Үстел теннисі бойынша Талапкерде аумақтық бойынша оқушыларымыз 1-2 орынға ие болып, Ақмол
финалында Болатхан Алғысбек 1- орынға ие болып облысқа жолдама алды. Облыстағы үстел тенис сайысында Болатхан Алғысбек 1- орынға ие болды. Жаттықтырушысы -Шакерхан Асылбек Жас барыс 2017 қазақ күресінен облыстан 1 орынға Мерей Күмісбек, Өмірбек Ақеділ ие болып республикаға
жолдама алды. Республикалық Жас шабыт өнер байқауына қатысып Халел Ә,Сауран Нұрайым 2- орынға ие болды. Жетекшісі Бойдолла Бақшагүл Жалпы спорт жағынан аудан бойынша Қоянды орта мектебі 1-орында. 5-7сыныптар арасында медбикелер« Қыз келбеті»тақырыбында қыздарға жеке бас тазалығының күтімі жайында кеңес оқылды. ( Мусабаева С)
Қыркүйек айының соңғы аптасында мектеп медбикесімен біріге отырып оқушылардың гигеналық тазалығы қаралып анықтама жызылды.
Отбасы бағыты бойынша қыркүйек айында « Отбасы бақыт» мекен тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Сынып сағаттары, жиналыстар, сайыстар өткізілді.
4- cыныптар арасында « Мен және Отбасым» сайысы ұйымдастырылды. Аудандық «Мерейлі Отбасы» жанұялық сайысқа қатысып Сарсембековтар жанұясы 3 орын ие болды. 16.10.17 «Мүгедектер» күніне байланысты әкімшілікпен бірге концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 10 мүгедек 8мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар үйлестірілді. 28.10.17 күні Қамқоршылар мерекесіне байланысты «Аялы алақан» атты тренинг өткізіліп сыйлықтар үлестірілді.
Демалыс уақытында жүргізілетін іс шаралар жоспарын тапсырды. Жоспарға сәйкес атқарылған іс шараларда баршылық.Демалыс уақытында Рухани жаңғыру бойынша жобасындағы ұлттық
құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында 7- сынып оқушыларымен Гумелев атындағы ұлттық университетке «Жазу тарихы» муражайы мен Күлтегін ескерткішіне саяхаттады.
«Спорттық серуенге саяхат» үйірме оқушыларымен Қоянды ауылының ауласына серуенге шықты. (Молдабаев Д.)
Астана қаласында «Аружан» ойын орталығына барып серуендеп оқушылардың қызығушылын артырып
көңілдерін тапты. Сонымен қатар 1- cыныптар ( Тусупова З.Ш, Тоқбаева А, Нурбаева Э)
Алашорданы 100 жылдығына орай облыстық оқушылар айтысына 9- сынып оқушысы Тұрсынбек Сая қатысып 2- орынға ие болды. Жетекшісі Мекебай Н. Астана қалалық « Балбөбек» фестиваліне қатысып, вокалдан Абдрахман Ерболат 2- дәрежелі, Абдрахманова Мадина 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қарашаның 5 деп Астана қаласында өткен халықаралық «Лаула Лаула» балалар фестивалінде Абрахман Ерболат Супер гран фриді алса, Абдрахманова Мадина бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі Хатпа Серікгүл
Ескертулер :
- Есептер
уақытында тапсырылмайды.
- Хаттама, мәтіндік есеп дұрыс жазылмайды.
- Тапсырылған ісшаралар көбі копия жасалып әкелінеді.
- Үлгілі тәрбие сағаттары өткізілмеді ( Даярлық сыныптары
ғана)
- Іс шаралар ақпарат беттерінде жарияланбаған
Ұсыныстар:
- Сұраған іс шаралар мен жұмыстарды уақытында орындау
- Хаттама, мәтіндік есеп жазуды бір реттілікке салып жазу
- Іс шаралар қайталанбасын
- Жоспарға сәйкес үлгілі тәрбие сағаттарды уақытылы өткізу
- Іс шаралар мен жетістіктерді ақпарат беттеріне жариялау