06.10.2023
        
Бүгін Қоянды ауылы №1 ЖОББ мектебінде ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті.
 
Шараға ауыл әкімі Бақытхан Солтанбай ұзтаздарды құттықтап алғыс хатпен марапаттады.  Сондай-ақ, мектеп директоры Савилханқызы Меруерт  ұстаздарға игі тілектерін білдіріп,  куәліктер мен алғыс хаттар табыстады.  
 
 11 сыныптардың ұйымдастырылған мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.
 
Ұстаз  кім? Ол - жас шәкірттің
 жүрегіне жол табушы, білім нәрін себуші десек аз болады. Ұстаз -Ұлы Тұлға! 
 
Құрметті ұстаздар!  Баршаңызды келіп жеткен төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! 
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - дегендей ұлы Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.  Сіздерге, Отбасыларыңызға құт-береке, ырыс, бақыт шығармашылық табыс тілейміз!  Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!