Қоянды орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың 89 жылдығына орай мектепішілік «Мұқағали оқулары» өткізілді. Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша іс-тәжірибеден өтуші Серімхан Еркебұлан «Шыда», «Ырзамын саған тағдырым» атты Мұқағали өлеңдерін оқып, оқушыларға ынта-жігер берді.
Сайыс үш кезеңнен өтті. Қорытындысында «Қасиетіңнен, қара өлең , айналайын!» номинациясы бойынша 9 «Д» сынып оқушысы Қожбанхан Аружан І орын, 7 «Ғ» сынып оқушысы Сейітбекова Аружан І орын, «Поэзия, меніменен егіз бе едің?» номинациясы бойынша 7 «Ғ» сынып оқушысы Бақытқызы Әсемай І орын, 5 «Г» сынып оқушысы Бақытжан Наурызбай І орын, 10 «Ә» сынып оқушысы Есенкелді Мәдина І орын, «Ән көңілдің ажары» номинациясы бойынша 5 «Л» сынып оқушысы Ертай Ердәулет І орын, 4 сынып оқушысы Қалимұрат Айзере І орындарды жеңіп алып, ауданға жолдама алды. Аудандық сайыста оқушыларымызға жеңіс тілейміз!
Ұйымдастырушы мұғалімдер: Бақшагүл Аскер
Раушангүл Сайлаухан
Еркебұлан Серімхан