06.06.2023
Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жазғы сауықтыру" 🎡🤹🏻демалыс маусымының ашылуы болып өтті. Салтанатты ашылу іс-шарасында бүлдіршіндер өз өнерлерімен бөлісіп ән🎤, өлең жолдарын айтып, би биледі. Әр түрлі сайыстар өткізілді.Аниматорлар🤹♀️🎪 өнер көрсетті. Іс-шара соңында оқушыларға балалар күніне байланысты сый-сияпат пен алма, балмұздақтар таратылды.
”Аманат” партиясының атынан балаларға сыйлықтар берілді.