"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жақсы кітап-жан азығы» байқауы

25.05.2023
Ақмола облысы Көкшетау қаласында мамырдың 23-сі күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханаларында кітап шығаруды ынталандыруға және осы саладағы жетістіктерді көрсетуге бағытталған «Жақсы кітап-жан азығы» байқауы ұйымдастырылды. Ұйымдастырушы Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы болды.
Шараға бір мектептен 6-9 сыныптар аралығындағы мектеп баспаларының командалары немесе ауданның (қаланың) құрама командасы қатысты. Байқау кезеңінде ұсынылған кітаптар арасында «Жылдың үзік кітабы»📕📚 таңдалады. Облыстық байқаудың қорытынды нәтижесінде Қоянды ауылы №1жалпы орта білім беретін мектебі ұсынған "Жауқазын жыр" кітабы 📖📚үздік деп танылып 🥉 орынды қанжығалады. Жетекші ұстаздар: Кенжетай Бердігүл
Аскер Бахшагуль
Мекебай Назигуль
Хожа Динар
Шынай Жангуль Шынайкызы.
Әріптестерімізге алдағы уақытта еңбек жолында бұдан да биік белестерден көрініп, білім саласындағы еңбектеріңіз еселене берсін демекпіз!🤝🏻
ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ, ОҚУШЫЛАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐👏🏻
 
              
Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст