Текст
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде сәуірдің 26-сы күні «ЖАС МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ
ЖАҢА ТРЕНД, ЖАҢА КӨЗҚАРАС»💻📚
атты аудандық жас мамандар форумы өтті.Форумаға мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары Зандыбай Сандуғаш ұстаздар арасында дебат жүргізсе, Жакенова Гульмира Дулатбековна "Шебер сынып" тақырыбы бойынша өз шеберлігімен бөлісті. Сонымен қатар, мектебіміздің жас мамандары Жанарбекқызы Гауһар "Ұстаз-блогер: табысты маман" тақырыбы аясында өзінің жұмысын таныстырса, Зиябек Құралай өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Аудандық жас мамандар форумы қызықты да тартымды өтті.✍🏻📝📱