Мектебімізде сәуірдің 14-і күні қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық қасиеттерін таныта білу, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында 6-7-сынып қыздар арасында «Бұрымды қыз» атты сайыс өтті. Сайыста оқушылардың шеберлігі, ептілігі, жылдамдығы сонымен қатар, білімдері де сынға түсті. Сайыс 4 кезеңнен өтті.
1.Сәлемдесу.
2. «Мен қазақтың қызымын дара туған» қазақ қызының бейнесін сомдау.
3. Сән үлгісі.
4.Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.
Жарыстың нәтижесі бойынша, I орын 7 «Д» сынып оқушысы Сабит Наргиза, II орын 6 «Ж» сынып оқушысы Сәкенова Камила
III орынды 7 «Г» сынып оқушысы Хамза Айерке қанжығалады. Сайысқа белсенді қатысқан оқушылар арнайы алғыс хаттармен сыйлықтарға ие болды.Сайысқа қатысқан барлық аруларымызға алғыс білдіреміз!👏🏻💐
Ұйымдастырушылар: Тәлімгерлер