Мектебімізде сәуірдің 18-і күні мектеп әкімшілігі және 5-11-сынып жетекшілерінің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы отырыс ұйымдастырылды. Кеңесте «Құқық бұзушылықтың алдын алу және буллинг кибербуллинг» тақырыбы талқыланып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нақты тапсырмалар берілді. Жиын барысында аталған тақырып бойынша мұғалімдер сұрақтар қойып, қойған сауалдарына толыққанды жауап алды. Сонымен қатар, алдағы уақытта 5-6-7-8-сыныптар бойынша қазақ тілі пәнінен емтихан жұмыстары алынатыны ескертілді. Өз жұмыстарына аса жауапкершілікпен қарайтын ұстаздарымыз алдағы белестерде табысты жұмыс үшін белді сыбана еңбек ету қажеттілігі ескеріле отырып, өзара пікірлерін ортаға салып, бар күш жігерлерін салатындарын айтып жиналысты қорытындылады.