Текст
Мектебімізде сәуірдің 7-сі күні өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында сыныптарда «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиын өткізілді. Сахна мерекеге сай безендіріліп, сыныптар сапқа тұрғызылды. «Жас ұлан» Гимні орындалып, ту кіргізілді. Жалпы саны 40 оқушы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды. «Жас Ұлан»ұйымының қатарына қабылданушы оқушыларымызға алдағы уақытта оқуларына сәттілік тілейміз!👏🏻🌷💐