Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуірдің 4-і күні жоспарға сәйкес әдістемелік кеңес отырысы өткізілді .Тақырыбы: «Терең білімді қалыптастырудағы мұғалім мен оқушының шығармашылық рөлі». Күн тәртібі:
1. «Мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мен оқудағы шығармашылық тәсілі». Жауапты Буйраева Ж. А.
2. «Мұғалім мен оқушының сабақтағы шығармашылық рөлі».
Жоломанова М. Б.
3. Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастық. Өмірбек А.
Қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсаттың бірі өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы қажет. Себебі, мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек.