Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде наурыздың 29-ы күні 2-7 сынып оқушыларының республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық зерттеу жұмыстары байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Ғылыми жобалар төмендегі секциялар бойынша ұйымдастырылды.
1- секция - қазақ тілі мен әдебиеті;
2- секция - орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын;
3- секция -математика, информатика;
4- секция – физика, техника;
5- секция – медицина, психология;
6- секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
7- секция - химия-биология;
8- секция - экология-валеология;
9- секция - робототехника;
Әрбір бағыт бойынша зерттеу жұмыстары теориялык, эксперименттік, ойлап тапқыштық негізде болды. Оқушылар ғылыми жобалары мен зерттеу жұмыстарын жоғарғы деңгейде қорғап шықты.