Текст
Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде наурыздың 28-і күні қазіргі білім беру стандартына сай инновациялық бағытқа байланысты ұстаздарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Оқушылар арасындағы көшбасшылықты дамыту», «Сабақты зерттеуді жүзеге асыру» тақырыптарында коучинг ұйымдастырылды.
Коучинг жұмысын өткізген тренерлер: Сапарходжаева А. П. Мурзатаева Г. Ш. Сахитхан Д.,Ошакбаева А. К, Зандыбай С., Кокенай А., Сабигат А. 6 топ болып жұмыс жасады. Коучингке ұстаздар белсене қатысып, өз ойларын ортаға салып, жаңа,тың ақпараттар ала білді. Коучинг қызықты, тартымды әрі мазмұнды өтті. Коучингтің көрнекілігі мен ұйымдастырылуы жағынан жоғарғы деңгейде болды.