Текст
Қоянды ауылы №1жалпы орта білім беретін мектебінде наурыздың 10-ы күні Целиноград ауданы бойынша СЭС қызметкері Байкасова Катия Бақытқызы туберкулез аруының алдын алу мақсатында «Туберкулез туралы не білу керек?» тақырыбында мұғалімдер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, Заурбеков Нысанбек ортазиотр маманы туберкулез туралы лекция оқыды. Туберкулездің ашық және жабық түріне байланысты мұғалімдер өз сұрақтарына жауап алды.