Текст
Қоянды ауылы №1жалпы орта білім беретін мектебінде наурыздың 9-ы күні 1-7-сыныптар аралығында білім алушылардың қауіпсіздік шараларын есте сақтау мақсатында көктемгі су тасқыны, мұз, қар үстінде жүру қауіпсіздігін сақтау жол қозғалыс ережелері, демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы сынып сағаты ұйымдастырылды. 8-11-сыныптар аралығында әлеуметтік желілердегі "РМС Redan" деп аталатын жасөспірімдер арасында жаңа қозғалыстың құрылғаны туралы ақпарат беріп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.