«Жастар-2023» бағдарламасына орай оқушылар арасында үстел ойындары, теннис, шахмат, тоғызқұмалақтан аудандық жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың өткізілу мақсаты денешынықтыру және ұлттық спорт өнерін дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, аудан мектептерінде ұлттық спорт түрлерін дамыту, облыс спартакиадасына аудан оқушылар құрамасын іріктеу болып табылады. Аудандық спорттық ойындар нәтижесінде Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінен тоғызқұмалақ ойыны бойынша оқушыларымыз жүлделі I орынға ие болды. Жетекшісі: Молдабаев Дүйсенбай.
Шахмат ойыны бойынша оқушыларымыз жүлделі III орынды иеленді. Жетекшісі: Нұрсапа Аманбек.
Үстел теннис ойыны бойынша оқушыларымыз IV орынды қанжығаларына байлады. Жетекшісі: Шакерхан Асылбек
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!💐🫱🏻🫲🏼👏🏻