02.03.2023
Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мамандары, Целиноград ауданының Білім бөлімінің әдіскерлері, Целиноград ауданының мектеп директорлары және мектеп директорларының орынбасарлары және Целиноград ауданының жалпы білім беретін мектептердің информатика пәні мұғалімдері қатысуымен Ақмола облысы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдардың кандидаты Ибраев Марат Умербаевич модераторлығымен наурыз айының 2-сі күні Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде семинар – кеңесі өтті.
Семинар кеңесте Ақмола облысының білім беру жүйесін цифрландыру барысы туралы, сонымен қатар Білім беру ұйымдарының сайттарын жүргізу, Білім беру процесіне цифрландыруды енгізу процесін әдістемелік қолдану туралы сұрақтар қаралды.Семинар қызықты, тартымды әрі мазмұнды өтті. Көрнегілігі мен ұйымдастырылуы жағынан жоғарғы деңгейде болды.
Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдермен, өз тәжірибелерімен бөліскен әріптестерге шығармашылық табыс тілей отырып,үлкен алғысымызды білдіреміз!👏🏻💐🤝