Текст
Мектебімізде ақпанның 21-і күні 8-11-сыныптар арасында қозғалмалы ойындарды қолдану арқылы, гандбол ойынының техникаларын дамыту, оқушылардың қимыл –қозғалыс белсенділігін арттыру мақсатында «Гандбол» жарысы өтті. Лиганың барлық кезеңі ұпай санына байланысты анықталды, жарыс кезеңінде ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. Жарысқа белсенді қатысқан оқушылар арнайы мадақтамалармен марапатталды. Ойын өте қызықты да тартымды өтті.
Ұйымдастырушылар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Нұрланұлы Ербол, Сахаба Таня.