Текст
Ақпанның 17-і күні Қажымұқан ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде “Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз” атты жас педагогтердің IV Республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау үш кезең бойынша болды.
I-кезең бойынша эссе жазу.
II-кезең бойынша бейтаныс сыныппен ашық сабақ.
III-кезең бойынша таныстыру кезеңдерінен тұрды.
Байқаудың қорытынды нәтижесі бойынша мектебіміздің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Унат Аймарал қатысып жүлделі III дәрежеге дипломға ие болды.
Унатқызы Аймаралға алдағы уақытта еңбек жолында бұдан да биік белестерден көрініп, білім саласындағы еңбегіңіз еселене берсін дейміз!
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏🏻💐🌹