Ақпанның 17-сі күні «Күш атасын танымас» дейді қазақ. Кәдімгі темірдің тас-талқанын шығаратын, шынжырды жіпше үзіп, шегелерді оңай майыстыратын Шортандының тумасы, Нұр-Сұлтанның тұрғыны Сергей Цырульниковтің «Бүгінгінің Қажымұқаны». Қазақстан Республикасының президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолынан арнайы Достық және Құрмет төс белгісін алған. Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың мұрасын жалғастырушы, күш қолданатын нөмірлер арасындағы әлемнің төрт дүркін рекорд иесі, Гиннесс кітабының Рекордсмені, 12 рет Қазақстан Рекордын жаңартқан, 7 рет Ресей Федерациясының рекордын жаңартқан, СНГ бойынша күш мәдениеті мектебінің негізін қалаушы.
Біріккен Араб әмірлігі, Франция, Қытай, Петербург елдерінде болған күш мықтылары жарысының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының атынан Еуропа мемлекеттерінде Франция, Германия, Испания, Гонгонг, Малазия, Сингапур, Біріккен Араб әмірлігі, Тайвань, Қытай, Америка Құрама Штаттарында, Индия төл дәстүрімізді дәріптеп, күш өнерінің иесі Цырульников Сергей Валереевич мектебіміздің арнайы қонағы болды. Қонағымыз оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, естелік әңгімелер айтты. Күш өнерінің иесі Цырульников Сергей Валереевичтің өнерін көріп, оқушыларымыздың спортқа деген қызығушылықтары артты. Гиннесс кітабының Рекордсмені ұстаздарымызбен оқушыларымызға ыстық ықыласын, алғысын білдірді.