06.02.2023
Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде ақпанның 3-і күні
1-2-сынып бастауыш бірлестігінің «Білім шыңының баспалдағы-бастауыш» тақырыбында апталығы салтанатты түрде жабылды. Апталық барысында мұғалімдер ашық сабақтарын жоғарғы деңгейде өткізді. Сонымен қатар, сабақтар жаңа форматта, заманауи әдіс- тәсілдермен өтіп, оқушылар белсене қатысты. Әрі қарай бимен,тамаша ән кешімен жалғасып, апта бойы өткізілген интеллектуалды сайыстар, ашық сабақтарға және сыныптан тыс іс- шараларға белсенді қатысқан оқушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.