23.01.2023
Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінде қаңтардың 20-ы күні 9-11 сыныптар арасында мектепішілік "Қанипа Бітібаева" олимпиадасы ұйымдастырылды. Жауапты мұғалімдер қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Хожа Динар,Тұяқова Қ.Д.
Олимпиада 2 кезеңнен өтті. 1.Ұлт ұстазы Қанипа Бітібаеваның ғибратты өмірі, ұстаздық жолы туралы эссе жазу. 2.Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен тест сұрақтарына жауап беру. Олимпиада қорытындысы бойынша 9-сынып оқушысы Абдикулова Ақмаржан,10-сынып оқушысы Баетова Жансая және 11-сынып оқушысы Бейсенова Аружан жүлделі I орындардан көрініп, аудандық олимпиадаға жолдама алды. Алдағы жарыстардан оқушыларымызға сәттілік тілейміз!💐🌹👏🏻