"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында аудандық семинар

23.01.2023
Қаңтар айының 18-і күні Қоянды ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебінде Жетекші мектеп аясында жалпы орта білім беретін мектеп педагогтарының критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша озық тәжірибелерін тарату мақсатында «КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ҚҰРАЛЫ» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аудандық семинар жұмысы 3 кезеңмен ұйымдастырылды. Пленарлық бөлім, ашық сабақтар және шебер-сыныптар.
Семинар мақсатына сәйкес, Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ошакбаева  Айнажан Кенжебековна («А.И. Куприн. Гранатовый браслет») 10-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізіп, критериалды бағалау жүйесінің қолданылу әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Сонымен қатар, озық тәжірибелі ұстаздарымыз Г.Ш. Мурзатаева, С.С. Джунусова, Г.К.Тлеубаева «Критериальное оценивание достижений учащихся» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Семинар жұмысы нәтижесінде тәжірибе таратқан ұстаздарымызға аудандық білім бөлімінің сертификаттары табысталды. 
Әріптестерімізге алдағы уақытта еңбек жолында бұдан да биік белестерден көрініп, білім саласындағы еңбектеріңіз еселене берсін демекпіз!
ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
 
 
         
Просмотров: 323


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст