13.01.2023
Қаңтардың 11-і күні аудандық «Әбіш оқулары» байқауы онлайн форматта өтті. Мектеп оқушылары байқау ережесіне сәйкес Әбіш Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер, зерделеу жоба, мәнерлеп оқу байқауы сияқты үш бөлім бойынша сынға түсті. Байқау нәтижесі бойынша Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан иллюстрациялық суреттер бағыты бойынша 9 «Ғ» сынып оқушысы Әлем Ерлік III орын, жетекшісі Тохаш Қабдылжанат, Әбіш Кекілбаевтың шығармаларынан «Шыңырау» қойылымы бойынша 9 «Ә» сынып оқушылары III орын, жетекшісі Аскер Бахшагуль. Прозалық шығармасы бойынша мәнерлеп оқудан 9 «Б» сынып оқушысы Аманбек Гүлайым ІII орынды қанжығалады. Жетекшісі: Кенжетай Бердігүл. 9 «А» сынып оқушысы Ғылыми жоба жұмысында Хабай Жаннұр Алғыс хатқа ие болды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!