«Жастар-2023» облыстық оқушылар арасында спартакиадасының бағдарламасына сәйкес, Балалар жылына орай, ұлттық және халықтар ойыны бойынша үстел ойындары, асық ойнау, теннис сайысы, бес асық ойыны, тоғызқұмалақ аудандық жарысы ұйымдастырылды. Жарыстың өткізілу мақсаты денешынықтыру және ұлттық спорт өнерін дамытудағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, аудан мектептерінде ұлттық спорт түрлерін дамыту, облыс спартакиадасына аудан оқушылар құрамасын іріктеу болып табылады. Аудандық спорттық ойындар нәтижесінде Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебінен теннис жетекшісі Шакерхан Асылбек, асық ату жетекшісі Мокей Ерболат, бес асық ойындары бойынша жетекшісі Хатшыбай Жанарбек ұстаздардың оқушылары 4-орынға ие болды. Тоғызқұмалақ ойынының жетекшісі Молдабаев Дүйсенбайдың оқушылары 2-орынды қанжығаларына байлады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!