Қоянды ауылы, №1 ЖОББ мектебінде 9-шы қараша күні 9-11-сыныптар арасында «Абайтану» олимпиадасы өткізілді. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын толық меңгеру арқылы кемеңгердің ақындық болмысын, шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Олимпиаданың барлық қатысушылары өздерінің білімдерін жан-жақты көрсетіп, үш кезеңнен тұратын тапсырмаларды жоғарғы деңгейде орындады. Олимпиада нәтижесі бойынша 11-сынып оқушысы Балтабек Бақытжан, 10-сынып оқушысы Бақытқызы Әсемай оқушыларымыз мектепішілік кезеңнен үздіктер деп сараланып, аудандық кезеңге жолдама алды.
Мектебіміздің абыройын қорғайтын оқушыларға алдағы кезеңдерде де жеңіс, сәттілік тілейміз!👏🏻👏🏻