Текст
Қоянды №1 ЖОББМ-де 22.10.22 ж 7 «А» сыныпта «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» атты Республика күніне орай сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар әр түрлі тапсырмалар орындап, өз ойларын ортаға салды. Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған жер. Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.