Текст
Қоянды №1 ЖОББМ. Қазан айының 03-07 аралығында өтетін математика пән апталығының салтанатты ашылуы болды. Апталықта мектебіміздің директоры м.а Дәлелхан Амантайұлы құттықтау сөзімен бастап ұстаздарға және оқушыларға сәттілік тіледі. Апталыққа белсенді қатысып, іс-шараларда жан-жақты білімдеріңізбен бөлісуді атап кетті. Аталмыш іс-шара жоғары деңгейде математика пәні мұғалімдері және оқушылардың ұйымдастыруымен өтті. Алдағы күндерге сәттілік тілейміз!