Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары бойынша Қоянды №1 ЖОББМ-де Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы» атты мектепшілік конференция ұйымдастырылды. Конференцияның негізгі мақсаты ғалым ағартушының қазақ тілін дамыту, қазақ жазуының тарихы және латын графикасындағы жаңа әліпбидің маңызы, Ахмет Байтұрсыновтың халықтың қоғамдық санасына әсері саласындағы еңбектерімен танысу болды . Конференция барысында «Латын графикасына негізделген қазақ жазуын және емле ережелерін жетілдіру», «Әліпби – замана сұранысы», тақырыбында кеңінен әңгіме қозғалды. Жауаптылар:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжетай.Б, Шынай,Ж, .Муса.Т
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ошакбаева А.К. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айбаш.Ш, Отрядхан.М