"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №1 села Коянды отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

       

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Алаштың ардақтысы»

06.09.2022

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай өткізілетін іс-шаралардың жоспары  бойынша Қоянды №1 ЖОББМ-де Ахмет Байтұрсынұлының  150 жылдығына орай өткізілетін «Алаштың ардақтысы» атты кітапханалық гид өткізілді. Іс-шараға 7-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кішігірім көрме де көрсетілді.  Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты ─ Ахмет Байтұрсынұлы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының бірі, халқымыздың бейбіт те берекелі өмір сүруі үшін аянбай еңбек еткен, сол жолда басын бәйгеге тігіп, «тар жол тайғақ кешуден» өткен тұғырлы қайраткер болғандығын оқушыларға жеткізу. 
 Біздің мақсат-Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту. Өскелең ұрпақ бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру.

Жауаптылар: 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шынай Жангуль
Кітапхана меңгерушісі  Дүйсенбек Ақсұңқар.

Просмотров: 252


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст