27.08.2022
Бүгін білім саласы қызметкерлерінің аудандық тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті. Қоянды ауылы №1 жалпы орта білім беретін мектебі дене шынықтыру пәні мұғалімі тәжірибелі ұстаз Сахаба Таня және биология пәні мұғалімі Шаймардан Гүлнар аудан әкімінің Алғыс хатымен, директордың міндетін атқарушы Далелхан Амантай білім бөлімінің Мадақтамасымен марапатталды. Сонымен қатар, оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық үрдістегі жетістіктері үшін география пәні мұғалімі Самалхан Салтанат, биология пәні мұғалімі Шугайп Салтанат марапатталды. Көркем еңбек пәні мұғалімі Байдолда Бақшагүл конференцияның көрмесіне қатысып, өзінің және оқушыларының жасаған жұмыстарын көрсетті.
Тамыз конференциясының секциялық отырысында мектеп психологі Баймаганбетова Асемгуль Мукановна, физика пәні мұғалімі Калиева Саян Сабырбековна модератор болып секция отырыстарына жетекшілік етті. Математика пәні мұғалімдері Съезхан Лена, Рақметолла Бақытнұр «Математика пәнін 2022 – 1023 оқу жылында оқытудың ерекшелігі» тақырыбында диалогтік алаңша ұйымдастырды. Фиизика пәні мұғалімі Калиева Саян Сабырбековна «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында панельдік талқылау жүргізді. 2022-2023 оқу жылында КР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы әдістемелік нұсқау хат бойынша панельдік талқылауды физика пәні мұғалімдері Бағдал Даметкен, Серік Салтанат өткізді. География пәні мұғалімі Самалхан Салтанат әріптестері арасында «География сабағында әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану» атты коучинг жүргізді. Тарих пәні мұғалімі Кокенай Айгул «Тарихты оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында мастер класс, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакенова Гульмира Дулатбековна «Эффективность работы с текстом на основе Таксономии Блума» тақырыбында мастер класс өткізді. Сонымен қатар, химия пәні мұғалімі Тамешкен Айбарша, биология пәні мұғалімі Шаймардан Гүлнар, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Кенжетай Бердігүл, Хожа Динар, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Сапарходжаева Айгуль Пазилбековна, Пулатов Асхат Турдалиевич, Көркем еңбек пәні мұғалімі Байдолда Бақшагүл өз іс-тәжірибелерімен, авторлық бағдарламаларымен таныстырды.
Облыстық тамыз конференциясының секциялық отырысында тарих пәні мұғалімі Кокенай Айгул іс-тәжірибесімен бөлісіп, мастер класс көрсетті.