Текст
Бүгін ерекше күн! Қазақтың бас ақыны, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 10 тамыз елімізде Абай күні болып белгіленді. Хакім ақынның, кемеңгер ойшылдың есімін елге паш ететін мерейлі күн құтты болсын! Абай мұрасы ұрпаққа жәдігер, халыққа жаһұт қазына, ұлтымызға ұлы жол. Ұлы ақынның терең пәлсапасы, ойлы қарасөздері, жан тебірентер лирикасы қашанда құнын жоғалпайтын ұлы мұра, ұлттық құндылық. Осы күнді атаулы күн болдырып өткізу әр ұрпақтың ұлы парызы деп білеміз. Абай күніне орай бүгін мектебіміздің тіл жанашырлары қазақ тілі ұстаздары "Абайды оқы, ерінбе " атты мектепішілк іс-шара ұйымдастырылды. Абай күні құтты болсын!